23.12.2017, 16:13 5273

Қазақстандағы 2017 жылғы газ саласындағы басты 10 оқиға

"ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі Қазақстандағы 2017 жылғы газ саласындағы басты 10 оқиғаны атап өтті.

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today -"ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі Қазақстандағы 2017 жылғы газ саласындағы басты 10 оқиғаны атап өтті.

1. Тұӊғыш рет қазақстандық газ Қытайға экспорттала бастады. Бұл Азиядағы әлеуеті зор және қуатты нарық.

2. ҚазТрансГаз Орта және Орталық Азиядағы газ ағымдарыныӊ технологиялық тұрғыдан еӊ қуатты әрі маӊызды операторына айналды. Ресей, Еуропа және Қытай бағытындағы ортаазиялық газ транзитініӊ ауқымы артты. Үкіметаралық келісімдердіӊ қорытындысы бойынша Өзбекстан аумағы арқылы транзит басталды.

3. Қысқа мерзім ішінде "Қазақстан-Қытай" МГҚ және "Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ бойындағы 4 қуатты, жоғары технологиялық компрессорлық станция пайдалануға берілді. Ақтөбе қаласында Қазақстандағы еӊ қуатты автоматты газ тарату станциясы (АГТС-300) іске қосылды. Газ тарату станциясы өӊірдіӊ жартысын газбен қамтамасыз етуге қауқарлы.

4. Елбасыныӊ қатысуымен "Бозой" жерасты газ сақтау қоймасындағы "Газды құрғату қондырғысы" пайдалануға берілді. Осыныӊ арқасында қос бірдей маӊызды мәселе шешімін тапты - еліміздіӊ оӊтүстігіне тұрақты түрде газ жеткізу мен шығыс нарығына экспорттыӊ артуы қамтамасыз етілді.

5. Тұӊғыш рет Алматы облысыныӊ орталығы Талдықорған қаласы мен Қапшағай, Есік, Жаркент және Шелек қалалары газдандырылды. Алматы, Оӊтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Маӊғыстау облыстарындағы шалғайда жатқан 30 елді мекен газға қосылды.

6. Ғарыш айлағы, Байқоӊыр қаласы еліміздіӊ газбен жабдықтау жүйесіне қосылды.

7. Экологиялық балама. Ақтөбе қаласында шаһардыӊ барлық автокөлігін сығылған газбен (сығылған метан) қамтамасыз ететін жаӊа автокөлік газын толтыру компрессорлық станциясы (АГТКС) іске қосылды.

8. Тұӊғыш рет Ирландияныӊ "ISE" қор биржасы мен Қазақстандық "KASE" қор биржасыныӊ листингімен айналым уақыты 10 жыл, жалпы құны $750 млн. болатын еурооблигациялар сәтті орналастырылды. Инвесторлардыӊ өтінімдері ұсыныстардан бірнеше есе артып түсті.

9. Алғаш рет "ҚазТрансГаз" АҚ мен "Республикалық газ саласы ардагерлерініӊ кеӊесі" Қоғамдық Бірлестігі "Нұр Отан" партиясымен бірлесіп өӊірлерде газ мәселелеріне қатысты қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырды. Мыӊдаған қазақстандықтыӊ күрделі мәселелері шешімін тапты.

10. Илемдегі еӊ ұзын әрі қуатты газ құбырларыныӊ бірі "Орта Азия-Орталық" магистралдық газ құбыры 50-жылдық мерейтойын атап өтті.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны