10.04.2009, 15:52 3131

Қазақстандағы 260-ден астам ауылдың тұрғындары ауыз суға қатысты күрделі проблемаларға тап болуда - ҚР АШМ

Қазақстандағы 260-ден астам ауылдың тұрғындары ауыз суға қатысты күрделі проблемаларға тап болуда - ҚР АШМ

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы 260-ден астам ауылдың тұрғындары ауыз суға қатысты күрделі проблемаларға тап болуда. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінде ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның отырысында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитетінің төрағасы Санат Тұңғышбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен республика бойынша 267 ауыл тасымалданатын суды пайдаланады, әсіресе мұндай ауылдар мына облыстарда көп: Оңтүстік Қазақстан облысында - 57, Қостанай облысында - 61, Ақмола облысында - 30 және Атырау облысында - 25. Сондай-ақ, 4114 ауылдың тұрғындары орталықтандырылмаған су қамтамасыздығы көздерінен алатын суды пайдаланады", - деді С. Тұңғышбеков.

Комитет басшысыынң пікірінше, ауыл халқын сумен қамтамасыз ету мәселесін орталық және жергілікті атқарушы билік органдары бірлесе шешуі қажет. "Халқы тасымалданатын суды тұтынатын немесе орталықтандырылмаған су қамтамасыздығы көздерінен алатын ауылдық елдімекендерде ауыз су қамтамасыздығы нысандарын салу, қайта салу және күрделі жөндеудің кезегін айқындайтын іс-шараларды нақты дәйектеу, бұл ретте онда тұратын халықтың саны мен жер асты суларының қорын ескеру қажет", - деді комитет төрағасы.

2008 жылы ауылдағы ауыз су қамтамасыздығын дамытуға 29,5 млрд теңге қаржы бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен - 16,9 млрд теңге, деп хабарлайды АШМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны