19.01.2007, 18:16 2772

Қазақстандағы әкімшілік реформалар аясында қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларды бақылау функциясын басқа мемлекеттік мекемелерге беруге дайын - Коржова

АСТАНА. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстандағы әкімшілік реформалар аясында қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларды бақылау функциясын басқа мемлекеттік мекемелерге беруге дайын. Бұл туралы қаржы министрі Наталья Коржова бүгін қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір жүргізіліп жатқан әкімшілік реформалардың аясында қаржы министрлігін оған тән емес функциялардан "тазарту" көзделуде. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алуларды бір мекеменің аясында реттеу мен оларды өзі қадағалау дұрыс емес екенін ескеру негізінде министрлік кейбір депутаттардың мемлекеттік сатып алуларды бақылау функциясын басқа мемлекеттік мекемелерге беру жөніндегі ұсыныстарын қарауға дайын",- деді Н.Коржова.

"Егер өзгертулер мемлекеттік саты алу процессін жақсарта алған жағдайда, қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасына кез-келген өзгерістер енгізуге дайын. Заң жобасы қазір парламентте қаралуда",- деді ол. "Министрлік сонымен қатар мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жұмыстарының келесі кезеңдеріне, электрондық сатып алулар жүйесін құруға және электрондық биржаларды пайдалануға атсалысуға дайын",- деді Н.Коржова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны