11.01.2011, 14:57 5174

Қазақстандағы астық қоры 9,3 млн тоннаны құрайды

Қазақстандағы астық қоры 9,3 млн тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін Астанада селекторлық режимде өтіп жатқан Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 11 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстандағы астық қоры 9,3 млн тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін Астанада селекторлық режимде өтіп жатқан Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикада 9,3 млн. астық бар. Оның ішінде 2,6 млн. тоннасы бекітілген меморандумдар аясында белгіленген бағамен сатылатын тұрақтандыру қорының астығы болып табылады.

"Осы астық көлемі жаңа өнім алғанға дейін елдің нанға деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге және экспорттық нарықтарға бұрын жоспарланған көлемде жеткізуге толығымен жеткілікті",-деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, РИА Новости агенттігінің қпараттарына сүйенсек, оның айтуынша өсімдік майы мен жармаларда "ішкі нарықтың халық тұтынатын талаптарына келесі жылдың өніміне дейін толығымен жеткілікті".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны