02.08.2011, 16:14 3114

Қазақстандағы астық түсіміне деген оң болжамға байланысты шаруалар тарапынан несиеге деген сұраныс артты

ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің хабарламасында көрсетілгендей, 2011 жылдың шілде айында Ұлттық банк кезекті рет банктерге тоқсандық сараптама жүргізген.

Алматы. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстандағы астық түсіміне деген оң болжамға байланысты ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар тарапынан несиеге деген сұраныс артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің хабарламасында көрсетілгендей, 2011 жылдың шілде айында Ұлттық банк кезекті рет банктерге тоқсандық сараптама жүргізген.

Зерттеуге сәйкес, сауда және қызмет көрсету саласының кәсіпорындары тарапынан несие көздеріне деген сұраныс жоғары қалпында сақталып отыр. Сонымен қатар, банктер биылғы жылға деген астық түсімінің жоғары болуына жасалған оң болжамды ескере отырып ауыл шаруашылығы кәсіпорындары тарапынан несиеге деген сұраныстың артқанын атап көрсетіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны