10.04.2009, 16:08 4118

Қазақстандағы ауылдар электрмен және газбен тым баяу қамтамасыз етілуде - АШМ

Қазақстандағы ауылдар электрмен және газбен тым баяу қамтамасыз етілуде - АШМ

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы ауылдар электрмен және газбен тым баяу қамтамасыз етілуде. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінде ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның отырысында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитетінің төрағасы Санат Тұңғышбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Республика бойынша 2007 жылғымен салыстырғанда электрмен қамтамасыз етілмеген ауылдық елдімекендердің саны 43 бірлікке азайды. Алайда, 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен республикада 116 ауыл жарыққа қол жеткізе алмай отыр", - деді С. Тұңғышбеков.

Оның айтуынша, осындай ауылдар әсіресе мына облыстарда көп: Оңтүстік Қазақстан облысында - 38, Қызылорда облысында - 18, Қарағанды облысында - 17 және Шығыс Қазақстан облысында - 16. Республикадағы 7093 ауылдың 1734-і, немесе 24,5%-ында электр желілік жабдықтардың тозу көрсеткіші 85 пайыздан асады. Ең көп осындай ауылдар Батыс Қазақстан облысында - 446 (94%), Қостанай облысында - 512 (77%) және Шығыс Қазақстан облысында - 268 (33%), Алматы облысында -100 (13,6%).

С. Тұңғышбековтың айтуынша, республика бойынша тұтастай алғанда 2008 жылы ауылдарды газбен жабдықтау жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілді. Исіресе республиканың батыс өңірлерінде қызу жүргізілді. "Мәселен, 2004 жылғымен салыстырғанда газбен жабдықталған ауылдардың саны 2008 жылы 228 бірлікке ұлғайды, ал 2007 жылғымен салыстырғанда - 43 бірлікке артты. Жалпы алғанда республика бойынша бар 7093 ауылдың 571-і, немесе 8% табиғи газбен қамтамасыз етілген", - деді АШМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны