15.09.2016, 13:58 3905

Қазақстандағы барлық өнімдердіӊ бестен бір бөлігі Индустрияландыру картасыныӊ жобалары аясында өндіріледі

Бүгін Астанада "Қазақстанныӊ өнеркәсіптік саясаты: өнімділікті ұлғайту жолымен экономиканыӊ басым секторларында өнеркәсіптік кәсіпорындардыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру" атты V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today -Бүгін Астанада "Қазақстанныӊ өнеркәсіптік саясаты: өнімділікті ұлғайту жолымен экономиканыӊ басым секторларында өнеркәсіптік кәсіпорындардыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру" атты V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

"ИДМБ-ныӊ бірінші бесжылдығында белсенді индустриялық даму үшін негізгі жағдайлар жасалды. Бірінші бесжылдықтыӊ әдістері Қазақстанда өндірілетін өнеркәсіптік өнімдерініӊ шамамен 10%-ын берді". Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында мәлімдеді.

"Өнімділік еӊбектіӊ нақты өсуі мен ілгерілеуініӊ көзі болып табылады. Бәсекеге қабілетті жаһандық экономикада өмір сүрудіӊ қолайлы стандарттарын сақтау үшін, мемлекет негізгі салаларда өнімділік еӊбегініӊ бәсекелестік деӊгейін ұстап тұруы тиіс",-деді ол.

Вице-министрдіӊ айтуынша, білім интеграциясы мен ДСҰ-ға ену жағдайында кәсіпорындар үшін өнімділікті ұлғайту басымдыққа ие болады.

Бірінші бесжылдықта, яғни, 2010-2014 жылдары белсенді индустриялық дамыту үшін басты алғышарттар жасалды: бұл заӊнамалық база, инфрақұрылым, әдістер. Бірінші бесжылдықта жаӊа жобалар барлық өндірістік өнімніӊ 10 пайызын құрады",-деді ол.

Осылайша, 2016 жылдыӊ бірінші тоқсаныныӊ қорытындысы бойынша, барлық өнімніӊ бестен бір бөлігі Индустрияландыру картасы аясында құрылған жобалар арқылы өндіріліп, жаӊғыртылды.

"Бірінші бесжылдықта мемлекеттік қолдауды қамту шамамен орта, шағын және ірі кәсіпорындардыӊ 7 мыӊын құрады. Сондай-ақ, 160 мыӊ жаӊа жұмыс орны сақталып, құрылды",-деді вице-министр.

Айта кететін жайт, Қазақстанныӊ өнеркәсіптік саясаты: өнімділікті ұлғайту жолымен экономиканыӊ басым секторларында өнеркәсіптік кәсіпорындардыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру" атты V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу дәстүрге айналып отыр. Ол ИИДМБ-ныӊ бірінші бесжылдығы аясында, яғни 2010 жылы өткізіле бастаған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны