10.04.2009, 17:34 2976

Қазақстандағы бірінші ислам банкін Алматыда бас пәтерімен ашуға екі айдың ішінде құжаттар тапсырылады - Арыстанов

Қазақстандағы бірінші ислам банкін Алматыда бас пәтерімен ашуға екі айдың ішінде құжаттар тапсырылады - Арыстанов

Алматы.10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы бірінші ислам банкін Алматыда бас пәтерімен ашуға екі айдың ішінде құжаттар тапсырылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан президентінің қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Алматы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Аркен Арыстанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Кеңесте Алматы Өңірлік қаржы орталығы исламдық қаржыландыруды күшейтуде өзіндік рөл атқаруға тиіс екендігі жөнінде жеке мәселе көтерілді", - деді А. Арыстанов.

"Барлық заңнамалық, нормативтік база бар. Біріккен Араб Имірліктерінің президенті мен Қазақстан президентінің деңгейінде уағдаластық жасалып, Қазақстандағы бірінші ислам банкін ашуға екі айдың ішінде құжаттар тапсырылатын болды. Оның бас пәтері Алматыда болады және бүкіл ТМД аясында жұмыс істейді", - деді төраға.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың айтуынша, Қазақстанда ислам банкингін енгізу үшін заңнамалық база жасалды. Банктің бұл бағытының даму перспективасын ол былай деп бағалайды:

"Оның келешегі бар екені сөзсіз. Өкінішке орай ол аса баяу ілгерілеп келеді, өйткені, біз бұл жөнінде алғаш рет Ислам даму банкімен сонау 1995 жылы мәмілеге келгенбіз. Бірақ заң қабылданған соң жуырда ғана қозғалыс пайда болды. Біріншіден, Ұлттық банк басқармасы бухгалтерлік есепке қатысты бірқатар нормативтік құжаттарды қабылдады, және Қаржылық бақылау агенттігінің басқармалары исламдық қаржылық институттардың іс-қызметін реттеуге қатысты бірқатар нормативтік құжаттарды қабылдады", - деді ол.

"Яғни, заңнамалық және нормативтік база құрылды, енді исламдық қаржыландыру бағыты дамитын болады. Оның қандай үлес иемденетіндігі жайлы айту әзірге күрделі", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны