Қазақстандағы бірінші ислам банкін Алматыда бас пәтерімен ашуға екі айдың ішінде құжаттар тапсырылады - Арыстанов (толықтырылған)
Алматы. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы бірінші ислам банкін Алматыда бас пәтерімен ашуға екі айдың ішінде құжаттар тапсырылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан президентінің қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Алматы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Аркен Арыстанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
"Кеңесте Алматы Өңірлік қаржы орталығы исламдық қаржыландыруды күшейтуде өзіндік рөл атқаруға тиіс екендігі жөнінде жеке мәселе көтерілді", - деді А. Арыстанов.
"Барлық заңнамалық, нормативтік база бар. Біріккен Араб Имірліктерінің президенті мен Қазақстан президентінің деңгейінде уағдаластық жасалып, Қазақстандағы бірінші ислам банкін ашуға екі айдың ішінде құжаттар тапсырылатын болды. Оның бас пәтері Алматыда болады және бүкіл ТМД аясында жұмыс істейді", - деді төраға.
"Сонымен бірге біз исламдық қаржылық құралдарды шығаруды жоспарлап отырмыз", - деді А. Арыстанов. Оның нақтылауынша, бұл "лизингтік операциялар мен кірісті бөлісу болмақ".
"Негізінен, әрине, бұл құрал құрылыста айрықша маңызды оң рөл атқарады, өйткені, тәуекел мен кірісті исламдық банк түріндегі қаржы институты мен құрылыс компаниясы тең бөліседі", - деді ол екінші қаржылық құрал жайлы берген түсініктемесінде.
Өз кезегінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың айтуынша, Қазақстанда ислам банкингін енгізу үшін заңнамалық база жасалды. Банктің бұл бағытының даму перспективасын ол былай деп бағалайды:
"Оның келешегі бар екені сөзсіз. Өкінішке орай ол аса баяу ілгерілеп келеді, өйткені, біз бұл жөнінде алғаш рет Ислам даму банкімен сонау 1995 жылы мәмілеге келгенбіз. Бірақ заң қабылданған соң жуырда ғана қозғалыс пайда болды. Біріншіден, Ұлттық банк басқармасы бухгалтерлік есепке қатысты бірқатар нормативтік құжаттарды қабылдады, және Қаржылық бақылау агенттігінің басқармалары исламдық қаржылық институттардың іс-қызметін реттеуге қатысты бірқатар нормативтік құжаттарды қабылдады", - деді ол.
"Яғни, заңнамалық және нормативтік база құрылды, енді исламдық қаржыландыру бағыты дамитын болады. Оның қандай үлес иемденетіндігі жайлы айту әзірге күрделі", - деді Ұлттық банк төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚХР-ға теміржол арқылы жүк экспорты 21 пайызға өсті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Ресей үш көмір ЖЭО салады
Үш облыс орталығында - Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО іске асыру энергетикалық көмірдің мол қорын ескере отырып, олардың одан әрі дамуына қуатты серпін береді", - деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанға бидайды әкелуге тыйым салу ұзартылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14,75 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚР Энергетика министрлігі шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынының бағасын өзгертеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
24.04.2024, 10:30Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА 24.04.2024, 10:36 27396Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады24.04.2024, 16:57 16926Көктемгі дала жұмыстарына қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады24.04.2024, 18:04 15431Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады24.04.2024, 18:12 15166Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
18.04.2024, 12:51 107541"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес18.04.2024, 16:22 103511Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді18.04.2024, 22:15 102801Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады19.04.2024, 11:11 98086Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді19.04.2024, 18:42 94346Көлік прокуратурасы 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғады
04.04.2024, 16:35 121321Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121061Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107541"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 105926Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103511Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді