01.09.2015, 18:12 4842

Қазақстандағы бірлескен инвестициялық жобаларды "Бәйтерек" холдингі мен Қытай Банкі іске асырады

Бұндай уағдаластыққа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілді

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бұндай уағдаластыққа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Инвестициялық жобалар бойынша, соныӊ ішінде инфрақұрылымдық қорлардыӊ меншікті акционерлік капиталына бірігіп инвестициялау және қатысу арқылы ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруды көздейтін Ынтымақтастық туралы меморандумға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (бұдан әрі - Холдинг) Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев және Қытай Банкініӊ (Bank of China) Басқарма Төрағасы Тянь Гуоли қол қойды.

Қол қойылған құжат өнеркәсіптік және инновациялық даму, ақпараттық технологиялар, шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы салаларындағы және Қазақстан үшін басым болып табылатын басқа да секторлардағы ынтықмақтастықты көздейді.

Бұдан басқа, Қытай Банкі "Бәйтерек" холдингімен жасалған құжат аясында Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамыту шеӊберінде іске асырылатын жобаларға 5 млрл. АҚШ долларына дейін бағыттау мүмкіндігін қарастырады.

"Қытай серіктестерімен барлық уағдаластықтар іс жүзінде іске асырылатын болады, нақты тәжірибелік сипатқа ие және 45 жоба бойынша үлкен бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған. Қазіргі уақытта олар қазақстандық және қытайлық өнеркәсіптік-инвестициялық компаниялармен бірлесе зерделенуде", - деді Қ. Бишімбаев журналистерге.

"Бәйтерек" холдингініӊ Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев көрсетілген ақша қаражаты тікелей инвестициялар түрінде, яғни компаниялардыӊ жарғылық капиталына және кредиттер түрінде де келіп түсетінін мәлімдеді.

"Біз пайыздық мөлшерлеме бүгінде нарықта орын алып отырған ставкалардан біршама төмен болатындығын қарастырамыз, өйткені индустриялық жобалар өтелімдігі бойынша барынша ұзақ мерзімді болып табылады. Сондықтан біз және қытай тарапы аталған ресурстардыӊ қолжетімділігі пайыздық ставкаларыныӊ төмендігі есебінен де қамтамасыз етілуі тиістігін түсінеміз", - деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысыныӊ ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында "Бәйтерек" холдингініӊ басшылығы қытай серіктестерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Айталық, "SilkRoadFundCo" (Жібек жолы қоры) қытай компаниясы кездесу барысында түрлі жобалар бойынша, атап айтқанда, индустриялық және инновациялық даму, ақпараттық технологиялар саласында және Қазақстан үшін басым болып табылатын басқа да секторларда Холдингпен бірігіп жұмыс істеуге дайындығын білдірді.

Сондай-ақ, "SilkRoadFund" қытай қоры Қазақстанныӊ индустриялық жобаларын қаржыландыру туралы келісімге қол қою мүмкіндігін қарастыруға дайын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны