02.12.2009, 14:29 3499

Қазақстандағы елдімекендер мал сою бөлімшелерімен және және ет өңдеу мекемелерімен қамтамасыз етілмеген - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстандағы елдімекендер мал сою бөлімшелерімен және және ет өңдеу мекемелерімен қамтамасыз етілмеген - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстандағы елдімекендер мал сою бөлімшелерімен және және ет өңдеу мекемелерімен қамтамасыз етілмеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңы қабылдануына байланысты және мал өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатанда сатуға арналған малды жеке аулаларда союға тыйым салынады. Сондықтан еті сатуға арналған малдар тек ет өңдеу мекемелерінде, сою пункттерінде немесе сою алаңдары арқылы сойылуы керек.

"Елдімекендерде мал сою пукттерінің және ет өңдеу мекемелерінің болмауына байланысты өтпелі кезеңде еті сатуға арналған ауыл шаруашылық малдарын сою, мал сою алаңдарында (бейімделген ғимаратта бетондалған еден, бетондалған шұңқырымен (септик), бауыздалған малды іреп, бөлшектеуге арлаған ілмек, ветеринариялық дәрігердің малды бақылайтын орны және т.б.) жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай мал сою алаңдарын салу көп қаражатты қажет етпейді және жергілікті әкімдіктер белсенділік танытса қысқа мерзім ішінде әрбір ауылдық округте салуға болады",- делінген хабарламада.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының бұл нормаларын Үкіметтегі жиналыстарда, Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында, арнайы өткізілген областардағы талқылау және түсіндіру жиындарында жергілікті атқарушы органдарға бірнеше рет баяндалды. Сонымен қатар әкімдіктерге заң нормаларын жүзеге асыру бойынша, оның ішінде мал сою алаңдарын салу туралы нұсқаулық түрінде хаттар жіберілді.

"Алайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2005 жылдан бастап мал сою пунктерін салу, ұстау және жаңарту жөніндегі міндеттердің жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне берілуіне қарамастан, бұл заң нормалары жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүзе асырылмай отыр.

Сондықтан заң талабына сәйкес елді мекендерде мал сою пунктерін салу үшін әкімдіктер белсенділіктерін арттыру керек",- делінген мекеменің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны