16.06.2010, 18:01 3331

Қазақстандағы электр қуаты тарифінің өсуі алдағы жылдары 15 пайызға жетуі мүмкін ТМРА

"Станциялар өз бағаларын 70 пайызға дейін көтеріп жібергендіктен баға негізінен өткен жылы көтерілген болатын, үстіміздегі жылы 30 пайызға көтерілді. 2011-2012 жылдары бұл көрсеткіш әртүрлі станциялар бойынша 7-ден 15 пайызды құрайды",- деп хабарлады мекеме басшысы.

Алматы. 16-маусым. Kazakhstan Today Қазақстандағы электр қуаты тарифінің өсуі алдағы екі жылда 15 пайызға жетуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

"Станциялар өз бағаларын 70 пайызға дейін көтеріп жібергендіктен баға негізінен өткен жылы көтерілген болатын, үстіміздегі жылы 30 пайызға көтерілді. 2011-2012 жылдары бұл көрсеткіш әртүрлі станциялар бойынша 7-ден 15 пайызды құрайды",- деп хабарлады мекеме басшысы.

Н. Алдабергеновтың айтуынша, жоспарланған инфляция деңгейі аясында 2015 жылға дейін электр қуатының тарифі айтарлық өспейді. "Ал өндіруші кәсіпорындарға келетін болсақ, олармен біз басқаша сөйлесеміз. Біздің оларға қояр сауалымыз өте көп",- деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны