02.03.2007, 17:05 3372

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2007 жылдың ақпанында 1,5 пайызға өсті

АЛМАТЫ. 2-наурыз. Kazakhstan Today. 2007 жылдың ақпанында Қазақстандағы жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 8653 теңгені құрап, бұл 2007 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен (8521 теңге) 1,5 пайызға жоғары. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Мемлекеттік статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері азық-түлік тауарлары бойынша 5192 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызмет көрсету үшін - 3461 теңгені құрап отыр.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері есеп беру айында 13 жасқа дейінгі балалар үшін 6890 теңгені; 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар үшін 10 896 және 8348 теңгені; 18 жастан жоғарғы еңбекке жарамды тұлғалар үшін, соның ішінде еркектер үшін - 10 323 теңге, әйелдер үшін 8197 теңгені; ал зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін - 8074 теңгені құрап отыр.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтреге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Азық-түлік себеті 43 түрлі азық-түлік атауынан тұрады: ет, балық, сүт, май, нан, көкөністерді түрлері, жұмыртқа, қант, шай, арнайы қоспалар және басқалар.

Ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу үшін азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызмет көрсетуге қажетті шығындар үлесіне ең төменгі тұтыну себеті бағасының 40 пайызы белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны