01.04.2011, 12:02 3712

Қазақстандағы инфляция наурыз айында 0,5 пайызды құрады

Қазақстандағы инфляция наурыз айында 0,5 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Сатистикалық агенттіктің таратқан хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Алматы.1-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстандағы инфляция наурыз айында 0,5 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Сатистикалық агенттіктің таратқан хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Қазақстанда 2011 жылдың наурыз айында өткен аймен салыстырғанда инфляция 0,5% құраған.

"Баға өткен айда азық-түлік тауарларына 0,9 пайызға, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызмет көрсетулерге - 0,2 пайызға өсті", деп көрсетілген жұмада таратылған хабарламада.

Инфляция 2010 жылдың наурызына бері бір жылды 8,6 пайызды құрады.

Статистиктердің мәліметтеріне сүйенсек, өткен айда нан және жарма өнімдерінің бағасы 1 пайызға, ал жармалар бағасы - 6,3 пайызға өскен. Баға ұнға - 1,6 пайыз, макарон өнімдеріне - 1,4 пайыз, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне - 0,8 пайыз, нанға - 0,2 пайыз өскен. Баға деңгейі қантқа 2,4 пайыз, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге 1,4 пайыз, ет және құс етіне - 1,3 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 1 пайыз, сүт өнімдеріне - 0,9 пайыз, май және тоңмайға - 0,8 пайызға көтерілген.

Күріш - 0,2 пайызға, жұмыртқа - 0,4 пайыза, картоп - 3,1 пайызға арзандаған.

Баға өсімі фармацевтика өнімдеріне және ыдысқа 0,4 пайызды, жеке күтімге арналған тауарларға, киім мен аяқ киімге - 0,3 пайызды, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,2 пайызды құрады.

Баға мейрамханалар мен қонақ үйлер 2,1 пайыз, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру - 1,1 пайыз, жолаушылардың темір жол көлігі - 0,8 пайыз, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарына - 0,4 пайыз, денсаулық сақтау қызметтеріне - 0,3 пайызға өсті.

Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер тұрғын үйді ұстау бағасы 2,3 пайызға, қоқыс жинау бағасы - 1,2 пайызға, бөлінетін желілер бойынша тасымалданатын газ бағасы - 0,4 пайыз, орталықтан жылыту бағасы - 0,1 пайызға төмендеп, ыстық су және электр энергиясының бағасы - 0,3 пайызға өскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны