Система Orphus

Қазақстандағы инфляция сәуірде 0,3% құрады

02.05.2013, 12:21 6443

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,3% құрады, ал азық-түлік тауарларына баға 0,2%-ға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,3% құрады, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға бағалар өткен айда 0,2%-дан, ақылы қызметтерге - 0,5%-ға өсті.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айында республика бойынша орта есеппен баға қызылшаға 2,4%, сәбізге - 2,3%, жұмыртқаға - 1,6%, ұнтақ жармаға - 1,2%, қой етіне - 0,7%, картопқа - 0,6%, макарон өнімдеріне, балық және теңіз өнімдеріне - 0,4%-дан, арпа жармаға - 0,3%-ға өсуі белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға 7,1%, қызанаққа - 2,8%, қарақұмық жармаға - 2,4%, күнбағыс майына, басты пиязға - 0,8%-дан, қырыққабатқа - 0,7%-ға тіркелді.

Өз алдына, бағалар жуғыш және тазалағыш құралдарға 0,5%, киім және аяқ киімге, жеке күтімге арналған тауарларға, құрылыс материалдарына - 0,3%-дан, тұрмыстық тоқыма бұйымдарға, фармацевтикалық өнімдерге - 0,2%-дан өсті.

Оған қоса, қалааралық автобустың жолақысы 1,4%, денсаулық сақтау, мектепге дейінгі және бастауыш білім беру қызметтеріне - 1%-дан, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне - 0,8%-ға қымбаттады, ал алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлік қызметтеріне - 1,1%-ға төмендеді.

Бұдан өзге, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға 4%, кәрізге - 2,7%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 1,7%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 1%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны