30.04.2008, 10:13 4654

Қазақстандағы инфляция жыл соңына қарай 10 пайыздан төменгі деңгейге азаяды

Қазақстандағы инфляция жыл соңына қарай 10 пайыздан төменгі деңгейге азаяды

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы инфляция жыл соңына қарай 10 пайыздан төменгі деңгейге азаяды, деп есептейді Қазақстандағы Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Николь Лафрамбуаз, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, сейсенбі күні ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Халықаралық валюта қорының өкілдерімен кездесті. Онда тараптар Қазақстанның ағымдағы экономикалық саясатының мәселелерін талқылады, сондай-ақ 2008 жылға және келесі жылға арналған жаһандық экономиканың даму болжамдары жөнінде пікірлер алмасты.

"Қазақстан экономикасының даму перспективасы жөніндегі біздің болжамымыз елдің ресми органдарының болжамдарымен сәйкес келеді. Инфляцияны төмендету мақсатында қабылданған шаралар өз міндетіне сәйкес орындалуда. Біз инфляция деңгейі жылдың соңында 10 пайыздан төмендейтінін болжап отырмыз", - деп мәлім етті Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясы басшысының міндетін атқарушы Николь Лафрамбуаз.

Сонымен қатар, 2008 жылы әлемдік экономика өсімінің едәуір бәсеңдейтінін ескере отырып, әлемдік қаржы нарығындағы қолайсыздықтардың жалғасын табу мүмкіндіктері сақталатындығы атап өтілді.

Осы жағдайды ескере келе, Қазақстан бұрынғысынша капиталдың әлемдік рыноктағы шектеулі қол жетімділігінің экономикалық ортасында қала бермек. Тиісінше, жалпы ішкі өнім өсімінің бәсеңдеуі күтілуде. Осы ретте Қазақстанда әлемдік стандарттар бойынша, экономиканың өсу қарқынының жоғары деңгейі сақталмақ деп болжануда.

ХВҚ-ның өкілдері Қазақстан басшылығының "әлемдік дағдарыс жағдайындағы" іс-қимылына жоғары баға берді. Олардың пікірлері бойынша, жағдайды табысты басқару коммерциялық банктердің қор жиюын, сондай-ақ Қазақстан үкіметі жүзеге асырып отырған бюджеттік іс-шараларды қолдау пакетін қамтамасыз етуге игі әсерін тигізуде.

Сонымен бірге, миссия сарапшылары қаржылық сектордағы бақылаудың күшеюі - экономикалық басқару тиімділігін арттыру процесінде айтарлықтай құрамдас бөлік болып табылатынын атап өтті. Миссия Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің анағұрлым қатаң стресс-тестер жүйесін жүргізу және бақылауды күшейту жөніндегі шарларын қолдап отыр.

ХВҚ-ның өкілдерінің пікірлерінше, жақсы бюджеттік көрсеткіштер, мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі және мемлекеттік жинақтаудың едәуір деңгейі келешекте "сыртқы сілкініске" қарсы тұру үшін мығым ресурсты құрайды. Миссия өкілдері Қазақстанның орта мерзімді экономикалық өсу перспективасы бұрынғысынша оңтайлы деп санайды.

ХВҚ-ның миссиясы Қазақстан экономикасын дамыту жөніндегі келешектегі іс-қимыл бойынша ұсынымдардың қорытынды өтінішін жариялау ниетінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны