16.05.2013, 10:38 7831

Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі сәуірде 12%-ға төмендеді

"Тұтынушылар сұранысының төмендеуі 2013 жылдың сәуірінде алдыңғы аймен салыстырғанда сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауынша олардың іскерлік белсенділігінің өзгеруіне әсер еткен. Кәсіпкерлік сенімділік индексі 12 пайыздық пунктке азайып, (+7)% құрады", - делінген хабарламада.

Астана. 16-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі сәуірде 12%-ға төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда сәуірде кәсіпкерлік сенімділік индексі 12 пайыздық пунктке азайып, (+7)% құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

"Тұтынушылар сұранысының төмендеуі 2013 жылдың сәуірінде алдыңғы аймен салыстырғанда сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауынша олардың іскерлік белсенділігінің өзгеруіне әсер еткен. Кәсіпкерлік сенімділік индексі 12 пайыздық пунктке азайып, (+7)% құрады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ағымдағы айда сұрастырылған кәсіпорындардың белсенділігі айтарлықтай өзгерген жоқ.

Осылайша, өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары ағымдағы жылдың сәуірінде өткен аймен салыстырғанда дайын өнімге және өндіріс көлемдеріне сұраныстың өзгермегенін айтып кетті, бұл олардың іскерлік белсенділігінің салыстырмалы түрдегі тұрақтылығын көрсетеді.

Өнеркәсіптік кәсіпорын басшыларының көбісі бағалағандай, таяу арада 2013 жылдың шілдесіне дейін олардың іскерлік белсенділігінің өсуі күтілуде.

Бұдан өзге, 2013 жылдың шілдесіне дейін кәсіпорындардың 66% ағымдағы кезбен салыстырғанда қаржы-шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалатынын болжап отыр, 25% - жақсару және 7% - құлдырау.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны