28.01.2009, 17:10 2923

Қазақстандағы кәсіпорындарда жарақаттану деңгейі 13%-ға азайды - Сапарбаев

Қазақстандағы кәсіпорындарда жарақаттану деңгейі 13%-ға азайды - Сапарбаев

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы кәсіпорындарда 2008 жылы жарақаттану деңгейі 2007 жылғымен салыстырғанда 13%-ға азайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысы Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Еңбек қауіпсіздігін және еңбек қорғауды қамтамасыз ету шараларының нәтижесінде республикадағы кәсіпорындарда жарақаттану деңгейі 13%-ға азайды", - деді министр.

Қазақстандағы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін және еңбек қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі "Морфлот 2011" атты халықаралық стандарт енгізілді. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, "еңбек ету жағдайлары бойынша 3 мыңға жуық өндіріс нысандары аттестациядан өтті".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны