07.04.2009, 16:06 3364

Қазақстандағы кәсіпорындардағы тексерулерді ретке келтіру үшін мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі заңның жобасы жасалады - Ахметов

Қазақстандағы кәсіпорындардағы тексерулерді ретке келтіру үшін мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі заңның жобасы жасалады - Ахметов

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы кәсіпорындардағы тексерулерді ретке келтіру үшін мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі заңның жобасы жасалады. Бұл туралы бүгін "Дағдарысқа қарсы саясатты дәйектеу мен жүзеге асыруға бизнестің атсалысуы" тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел барысында Қазақстанның вице-премьері Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Тексерулердің регламенті, тексеру тәртіптері мен олардың жиілігі бұзылатын өздеріңізге мәлім. Осыған байланысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі заңның жобасы жасау жөнінде шешім қабылданды", - деді С. Ахметов.

Оның хабарлауынша, елдің Ұлттық қорынан бизнесті қолдау үшін шамамен 127 млрд теңге бөлінді. "Бұл қаражаттың 70%-ы ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға, 30%-ы жаңа жобаларға арналады", - деді ол.

Вице-премьердің мәліметінше, "жалпы алғанда мемлекеттің бизнеске бөлген қаржысының көлемі жарты жылдық салық жеңілдіктерін ескергенде шамамен $5 млрд болды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны