15.07.2009, 13:11 1529

Қазақстандағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде бір мүгедекке шаққандағы тамақтану нормасын 300 теңгеден 2700 теңгеге дейін ұлғайту қажет - Еңбек министрі

Қазақстандағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде бір мүгедекке шаққандағы тамақтану нормасын 300 теңгеден 2700 теңгеге дейін ұлғайту қажет - Еңбек министрі

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде бір мүгедекке шаққандағы тамақтану нормасын 300 теңгеден 2700 теңгеге дейін ұлғайту қажет. Бұл туралы еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықова бүгін мекемеде өткен алқа мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Республикалық бюджеттен 2009 жылы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" заңды жүзеге асыруға 5,7 млрд теңге бөлінген, біз осы заңның алты өңірде (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларында) жүзеге асырылу барысын тексердік", - деді еңбек министрі.

Оның айтуынша, тексеру барысында мамандар "тамақтану нормасының тапшылығын" анықтады. "Біз былтыр тамақтану нормасының республика бойынша әр облыста бір адамға шаққанда 300 теңгеден 1200 теңге аралығында біршама айырмашылықта екенін анықтадық. Орта есеппен біздің есептеуімізше, бір мүгедек жанға тамақтану нормасына 2700 теңге жұмсау қажет", - деді Г. Ибдіхалықова.

Өз кезегінде министрліктің қаржы департаментінің директоры Майраш Қозжанованың хабарлауынша, "республикалық бюджеттен 2009 жылы медициналық-әлеуметтік мекемелерде бір мүгедекке шаққандағы тамақтану нормасын арттыруға 4,3 млрд теңге бөлінген. 1 шілдедегі жағдаймен 1,8 млрд теңге, немесе жоспардың 96,7% игерілді".

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 400 мыңнан астам мүгедек бар, олардың 50 мыңнан астамы - 18 жасқа дейінгі балалар.

Сондай-ақ, М. Қозжановның алқа мәжілісінде хабарлағанындай, әлеуметтік қызметтер жөніндегі заңды жүзеге асыруға бөлінген 5,7 млрд теңгенің жылдың бірінші жартысындағы игерілу көлемі 2,3 млрд теңге, немесе 90,1% құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны