04.09.2018, 15:36 36197

Қазақстандағы өнеркәсіптік үлгідегі алғашқы жел электр станциясы осы кезеӊ ішінде 500 млн. кВт*сағ. астам электр энергиясын өндірді

ҚР Энергетика министрлігініӊ дерегінше, Қазақстанда қазіргі уақытта белгіленген жалпы қуаты 336 МВт. жаӊартылатын энергия көздерін пайдаланатын 55 кәсіпорын жұмыс істейді. ЖЭК пайдаланатын объектілердіӊ (қуаты 35 МВт-ға дейін КЭС, ЖЭС, шағын СЭС) электр энергиясын өндіру көлемі 2017 жылы 1 109 млн. кВтс және 2018 жылдыӊ жарты жылдығында - 651,1 млн. кВтс. құрады

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстандағы өнеркәсіптік үлгідегі алғашқы жел электр станциясы (ЖЭС) пайдалануға берілгеніне ағымдағы жылғы тамызда дәл үш жыл толады. Ол Ақмола облысындағы Ерейментау қаласыныӊ маӊында орналасқан. 2015 жылғы 14 тамызда Ерейментау ЖЭС-сы бойынша Мемлекеттік қабылдау комиссиясыныӊ акті алынды. 2015 жылғы 11 желтоқсанда "Жаӊа индустрияландыру: қазақстандық барыстыӊ қадамы" Жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа станцияныӊ өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға берілгені туралы баяндалған болатын.

Қуаты 45 МВт станция осы кезеӊ ішінде 500 млн. кВт*сағ. астам электр энергиясын өндірді. "Самұрық-Энерго" АҚ-ныӊ еншілес компаниясы болып табылатын "Бірінші жел электр станциясы" ЖШС-ніӊ іске асырған жобасы Ақмола облысыныӊ энергия балансын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосуда.

Компанияныӊ жел паркі FWT (Германия) жасалған, әрқайсысыныӊ қуаты 2,05 МВт болатын 22 жел қондырғысынан және жаӊа 220/35КВ шағын станциядан тұрады. ЖЭС пайдалану кезеӊінде 23 жұмыс орны ашылды, соныӊ ішінде 12 адам - Ерейментау қаласыныӊ тұрғындары. Бұл ЖЭС-ныӊ жұмысы органикалық отынды және СО2. шығарындыларын пайдаланбай, жылына 172,2 млн кВтсағ. электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Өндірілетін электр энергиясыныӊ 100% Қазақстанныӊ ұлттық электр желісіне келіп түседі. Айта кетейік, Ерейментау ЖЭС өндірген энергияныӊ есебінен "EXPO-2017" Халықаралық мамандандырылған көрменіӊ нысандары электрмен қамтамасыз етілген болатын.

Бүгінде "Самұрық-Энерго" кәсіпорындары өндіретін электр энергиясыныӊ құрылымында жаӊартылатын энергия көздерініӊ (күн, жел, шағын СЭС) үлесіне жалпы белгіленген қуаттыӊ 1,5% тиесілі. 2017 жылы қазақстандық жасыл энергияныӊ әрбір үшінші киловатт-сағатын "Самұрық-Энергоныӊ" еншілес кәсіпорындары өндірді.

"Самұрық-Энерго" АҚ-ныӊ 2018-2028 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясына сай, компания "Жасыл экономика" қағидаттарына көшу үшін стратегиялық инвестормен бірлесе отырып, жаӊартылатын энергия көздері жобаларын іске асырмақшы.

Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2013 жылғы 30 мамырдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасыныӊ "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдамада Қазақстанда ЖЭК дамытудыӊ электр энергиясын жалпы өндірудегі мынадай мақсатты көрсеткіштері көзделген:

2020 жылға қарай ЖЭС пен КЭС үлесін 3 пайызға жеткізу;

2030 жылға қарай ЖЭС пен КЭС үлесін 10 пайызға жеткізу;

2050 жылға қарай жел, күн, гидро және атом станцияларын қоса алғанда- 50 процентке қол жеткізу.

ҚР Энергетика министрлігініӊ дерегінше, Қазақстанда қазіргі уақытта белгіленген жалпы қуаты 336 МВт. жаӊартылатын энергия көздерін пайдаланатын 55 кәсіпорын жұмыс істейді. ЖЭК пайдаланатын объектілердіӊ (қуаты 35 МВт-ға дейін КЭС, ЖЭС, шағын СЭС) электр энергиясын өндіру көлемі 2017 жылы 1 109 млн. кВтс және 2018 жылдыӊ жарты жылдығында - 651,1 млн. кВтс. құрады. Өндірудіӊ жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша- 1,08% құрады.

АНЫҚТАМА: "45 МВт Ерейментау ЖЭС" жобасын "Бірінші жел электр станциясы" ЖШС (Самұрық-Энерго" АҚ-ныӊ 100% еншілес компаниясы) іске асырды. Электрстанциясы Ақмола облысыныӊ аумағында, Ерейментаудан 3 шақырым жерде орналасқан және аумағы 60 га жерді иеленеді.

Белгіленген қуаты - 45 МВт

Жел энергетикасы қондырғыларыныӊ саны : әрқайсысы 2,05 МВт болатын 22 жел турбинасы

ЖЭҚ түрі: IEC 61400-1, желдіӊ қуаты 2а (ЖЭС орналасу аумағындағы табиғат ерекшелігін ескере отырып).

Желдіӊ еӊ төменгі жылдамдығы:3 м/с

Желдіӊ қалыпты жылдамдығы: 12 м/с

ЖЭС жұмыс істеуі үшін желдіӊ еӊ жоғары жылдамдығы: 25 м/с

Роторыныӊ диаметрі: 93 м

Мұнарасыныӊ биіктігі: 85 м

Жұмыс температурасы: -40С-ден +40С-ге дейін

Өндіру көлемі жылына 172,2 млн. кВтс электрэнергиясын құрайды.

"Бірінші жел электр станциясы" ЖШС 2011 жылғы 27 маусымда құрылған. Компания электр энергиясын өндіру, жаӊартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерді жобалау және құру, объектілерді жобалау және құру жөніндегі қызметтерді көрсетеді. "Бірінші жел электр станциясы" ЖШС Самұрық-Энерго" АҚ-ныӊ 100% еншілес компаниясы болып табылады.

"Самұрық-Энерго" АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларыныӊ 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысыныӊ негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтіӊ құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соныӊ ішінде: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б. кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны