29.01.2009, 14:09 1578

Қазақстандағы салынып бітпей қалған баспана проблемаларын сақтандырудың көмегімен шешу керек - Шүкеев

Қазақстандағы салынып бітпей қалған баспана проблемаларын сақтандырудың көмегімен шешу керек - Шүкеев

Алматы. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы салынып бітпей қалған баспана проблемаларын сақтандырудың көмегімен шешу керек. Бұл туралы еліміздің вице-премьері Өмірзақ Шүкеев бүгін Алматы әкімдігінде өткен отырыста атап көрсетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Өмірзақ Шүкеевтің пікірінше, "адамдардың көпшілігі пәтері салынбай қалуы мүмкін деген қорқыныштан болып ипотекалық несие алмай байқастап отыр".

"Біз бұл проблеманы сақтандыру арқылы да шешетін боламыз. Біз осы тетікті дәйектейтін арнаулы топ құрдық. Келешек ипотекалық несие алушы несиемен бірге сақтандыру полисін де алады деген сөз. Егер пәтер салынып бітпей қалса, онда ол ақшасын қайтарып алады", - деді Ө. Шүкеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны