09.07.2012, 09:15 3738

Қазақстандағы тауар айналымы КО енуімен байланысты 30% артты

Кедендік одақ Қазақстанның тауар айналымын 30%-ға арттырды, оның едәуір бөлігі тау-кен металлургия саласына тиісті, деп хабарлайды Ресей тауар өндірушелер одағының төрағасы Олег Сосковец Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 9-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстандағы тауар айналымы КО енуімен байланысты 30% артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кедендік одақ Қазақстанның тауар айналымын 30%-ға арттырды, оның едәуір бөлігі тау-кен металлургия саласына тиісті, деп хабарлайды Ресей тауар өндірушелер одағының төрағасы Олег Сосковец Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Бүгінгі күні кедендік одаққа енуге байланысты Ресей мен Қазақстанның тауар айналымы 25-30% артып отыр. Мұнда металлургия тауар айналымының осындай ұлғаюына алып келетін негізгі сала болып табылады", - дейді О.Сосковец.

Ресей тауар өндірушілер одағы төрағасының айтуынша, 2015 жылға қарай Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік базасындағы тауар айналымы 400 млрд долларға дейін артады.

Сонымен қатар, ол тау-кен металлургия индустриясы базалық әрі Қазақстан экономикасын құрушы сала болып табылады, деді ол.

"Таму-кен металлургия саласы басқа да салалармен бірлесіп мемлекет экономикасын құрайтын негізгі сала ретінде тауар айналымын анағұрлым арттыруға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады сөзін О.Сосковец.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны