08.10.2009, 14:59 3173

Қазақстандағы жанар-жағармайға қатысты ахуалға делдалдар әсер етті - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары

Қазақстандағы жанар-жағармайға қатысты ахуалға делдалдар әсер етті - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстандағы жанар-жағармайға қатысты ахуалға делдалдар әсер етті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Борис Парсегов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бүгінгі күні парламентте жанар-жағармай нарығындағы делдалдардың санын шектеу жөніндегі нормалары бар заң жобасы қаралып жатыр.

"Бүгінгі күні жанар-жағармайға қатысты қалыптасқан ахуал - заңнамадағы кемшіліктің салдары. Біз ендігі жерде мұнай өнімдерінің айналымын тұрақтандырмақ ниеттеміз", - деді Борис Парсегов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны