24.04.2013, 14:37 8014

Қазақстандағы жеткізілетін автокөліктердің 50%-ы Ресейден экспортталады

2013 жылдың бірінші тоқсанында сатылған автокөліктердің ішінде импорт 78,5%-ды құрады, отанымызда құрастырылған автокөліктердің үлесі сәйкесінше 21,5%-ға тең. Бұл қазақстандық автоөнеркәсіп тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстандағы жеткізілетін автокөліктердің 50%-ы Ресейден экспортталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан автобизнес қауымдастығы 2013 жылдың алғашқы тоқсанындағы нарық қорытындысын жариялады.

2013 жылдың бірінші тоқсанында сатылған автокөліктердің ішінде импорт 78,5%-ды құрады, отанымызда құрастырылған автокөліктердің үлесі сәйкесінше 21,5%-ға тең. Бұл қазақстандық автоөнеркәсіп тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

"Импорттаушы ерлер арасында жаңа және ресми түрде сатылған автокөліктер бойынша бірінші орында Ресей тұр (50,43%). Сондай-ақ Өзбекстаннан әкелінген автокөлік үлесі де қайтадан артып отыр - 9,4%, өткен жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 5,5%-ға тең еді. Өзбекстан, Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияны есептемегенде, барлық елдерден импортталған автокөліктердің үлесі біршама төмендеп отыр", - деп хабарлады қауымдастық.

Ресми мәліметтерге сәйкес, осы жылдың алғашқы тоқсанында жалпы Қазақстан бойынша түрлі маркадағы 21 мың 626 жаңа автоклік өз иесін тапқан

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны