25.10.2016, 18:40 4555

Қазақстандағы жылыжайлардыӊ 87 % Оӊтүстік Қазақстан облысында орналасқан

ОҚО еліміздегі еӊ ірі ауыл шаруашылығы орталықтарыныӊ бірі болып табылады. Қазақстандағы жылыжайлардыӊ 87 % Оӊтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олардыӊ жалпы көлемі 1 мыӊ гектардан асады.

Шымкент. 25 қазан. KazakhstanToday - Қазақстандағы жылыжайлардыӊ 87 % Оӊтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Оӊтүстік Қазақстан облысындағы жаӊадан салынған жылыжай кешенін аралаған кезде айтылды, деп хабарлайды "Нұр Отан" партиясыныӊ баспасөз қызметі.

ОҚО еліміздегі еӊ ірі ауыл шаруашылығы орталықтарыныӊ бірі болып табылады. Қазақстандағы жылыжайлардыӊ 87 % Оӊтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олардыӊ жалпы көлемі 1 мыӊ гектардан асады. Мұхтар Құл-Мұхаммед еліміздегі еӊ үлкен және алдыӊғы қатарлы жылыжай кешені - "Адель" шаруа қожалығында болды. Бұл шаруашылықты өркендету үшін екі жарым миллиардтан астам теӊге салынған. Жыл сайын жылыжайдан голландиялық технологиямен 6 мыӊ тонна қияр мен қызанақ жиналады. "Агробизнес 2020" бағдарламасыныӊ арқасында осындай ауқымды жобаны іске асыру мүмкіндігі туды. Партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары жергілікті шаруаларға мемлекеттіӊ агроөндіріс кешеніне көрсететін көмекті одан әрі ұлғайта беретінін айтты. Алайда, ауыл шаруашылығыныӊ озық технологияларын қолданып, жерге ұқыппен қарайтын шаруаларға ғана көмек беру мүмкіндігі қарастырылған.

Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстанныӊ оӊтүстігінде шағын және орта бизнестіӊ дамыту мәселелеріне айрықша көӊіл бөлді. Бүгінгі таӊда өӊірде 330 мыӊнан астам кәсіпкер бар. Дегенмен, облыс экономикасындағы шағын және орта бизнестіӊ үлесі 20 пайызға де жетпейді. "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары өз сөзінде Елбасыныӊ тәуелсіздіктіӊ алғашқы күндерінен бастап шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көӊіл бөліп, оныӊ жалпы ұлттық экономикамыздағы үлесін 50 пайызға жеткізуге ұдайы өӊір басшыларыныӊ назарын аударып келе жатқанын атап өтті.

"Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ тап осы сегментті дамытуға толық мүмкіндігі бар. Оныӊ үстіне "Нұрлы жол", "Бизнестіӊ жол картасы" оны іске асыруға керемет жағдай туғызып отыр. Бұл мүмкіндікті пайдалана білу керек", -деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, Аграрлы аймақ - Оӊтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапарында "Нұр отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Ордабасы ауданындағы көкөніс өсірумен айналысатын еліміздегі еӊ ірі жылыжай кешені - "Адель" ЖШС-нда болып, жұмысшыларымен кездесті.

"Агробизнес 2020" бағдарламасы бойынша іске қосылған бұл жобаныӊ инвестициялық құны 5,3 млрд. теӊгені құрайды. Жалпы аумағы 16 гектар болатын "Адель" жылыжай кешені жылына 8,4 мыӊ тонна өнім жинайды. Оныӊ 70 пайызы қазақстандық нарыққа шығарылса, қалған 30 пайызы Ресейге экспортталуда. Француздық "RISHEL" компаниясыныӊ заманауи жабдықтарымен жабдықталған кәсіпорында шамамен 200 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

Жылыжай кешенініӊ жұмысын аралап көрген Партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары ел Тәуелсіздігі жылдарында Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ ауыл шаруашылығы қарқынды дамып жатқанын, бүгінде бұл саланы одан әрі дамытуға мемлекеттен барлық қолдаулардыӊ жасалып жатқанын атап өтті.

"Осыдан 10 жыл бұрын мынадай еуропалық деӊгейдегі жылыжайды армандаудыӊ өзі қиын болатын. Енді міне, мемлекеттік қолдаулардыӊ арқасында, "Агробизнес - 2020" бағдарламасыныӊ нәтижесінде осындай жетістіктерге жетіп отырмыз. Жылдыӊ төрт мезгілініӊ барлығы дерлік жылы әр қолайлы болып келетін Оӊтүстік өӊірініӊ мұнан да жоғары мүмкіндігі бар екенін ескеріп, шағын және орта бизнестіӊ үлесі артатынына сенімдіміз", - деді М. Құл-Мұхаммед.

Өз сөзінде, партия жетекшісі агроөнеркәсіп кешендеріне мемлекеттен жасалатын қолдаулар жалғаса беретінін айтты. Алайда, негізгі назар жерге ұқыпты қарап, алдыӊғы қатарлы ауыл шаруашылығы құрылғыларын пайдаланатын шаруаларға жасалатынын жеткізді.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Оӊтүстік Қазақстан облысындағы маӊызды мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалу сапасын тексерді. Мұхтар Құл-Мұхаммед әлеуметтік инфрақұрылымныӊ даму барысымен танысып, жаӊадан салынған жылыжай кешені мен алдыӊғы қатарлы өндірістерді аралап, облыстық партия активімен кездесіп, өӊірдіӊ жетекші университетінде болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны