14.02.2014, 19:48 3465

Қазақстандағы ЖІӨ көлемі теңге бағамын түзетуді ескергенде 6,5 пунктке өседі - Е.Досаев

"ЖІӨ нақты өсімі алдында жоспарланған 6% деңгейде болжанады. Нақтылы ЖІӨ көлемі 2014 жылы қосымша 6,5 пайыздық пунктке артады және 41,1 трлн теңгені құрайды", - деді Е. Досаев.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Ұлттық банкі жүргізген ұлттық валюта бағамын түзетуді ескерсек, 2014 жылға ЖІӨ өсу параметрлері қайта қаралды, деп хабарлады бүгін ЭБЖМ басшысы Ерболат Досаев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отрысында.

"ЖІӨ нақты өсімі алдында жоспарланған 6% деңгейде болжанады. Нақтылы ЖІӨ көлемі 2014 жылы қосымша 6,5 пайыздық пунктке артады және 41,1 трлн теңгені құрайды", - деді Е. Досаев.

Ведомство басшысы валюта бағамын түзетуге дейін нақтылы ЖІӨ көлемі 38,6 трлн теңге көлемінде болғанын еске түсіріп өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны