30.10.2007, 15:15 4495

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 7 пайызға дейін төмендеді - Экономика министрлігі

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 7 пайызға дейін төмендеді - Экономика министрлігі

Астана. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың 9 айында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 7 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында сөз сөйлеген экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Еңбек нарығы жұмыссыздық деңгейінің одан әрі төмендеуі мен жалақының өсуімен сипатталады. Үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың осы маусымындағы 7,5 пайызға төмендеу көрсеткішімен салыстырғанда 7 пайызға төмендеді",- деді Б. Сұлтанов.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, "республика бойынша үстіміздегі жылдың 8 айындағы орташа жалақы 50 мың теңгеден, немесе, 400 АҚШ долларын асып жығылған".

"Еңбек өнімділігінің өсуі осы кезеңде 9,2 пайызға өскенде, жалақы деңгейінің 20 пайызға өскендігін атап өту қажет, бұл бағаның өсуіне деген қысым факторларының бірі болып табылады",- деп атап көрсетті ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны