08.12.2011, 12:07 3205

Қазақстанды ІІ жартыжылдықта Индустрияландыру картасының 162 жобасы іске қосылады

ҚР премьер-министрінің ресми сайтында хабарланғандай, үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 389 индустриялық жоба іске асырылып, 90 мың жұмыс орны құрылған, инвестициялар көлемі 1,8 трлн. теңгеге жеткен, нәтижесінде ЖІӨ өсіміне қосылған үлес 2 пайызды құрап отыр.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанды ІІ жартыжылдықта Индустрияландыру картасының 162 жобасы іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтында хабарланғандай, үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 389 индустриялық жоба іске асырылып, 90 мың жұмыс орны құрылған, инвестициялар көлемі 1,8 трлн. теңгеге жеткен, нәтижесінде ЖІӨ өсіміне қосылған үлес 2 пайызды құрап отыр.

Бұған дейін "Қуатты Қазақстанды бірге құрайық!" индустриялық-инновациялық форумында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру республика Тәуелсіздігін құруға барабар маңызды мемлекеттік міндет екенін атап өткен еді.

Индустрияландыру картасының аясында 179 мың тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Картаға жалпы сомасы 9,6 трлн. теңгенің 609 жобасы кіріп отыр. 2010 жылы 800 млрд. теңгеден астам соманың 152 жобасы іске қосылып, 23 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Индустрияландыру картасының орындалу барысы Үкіметтің бақылауында.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің дерегі бойынша, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 114 млрд. теңге соманың 75 инвестициялық жобасы іске қосылды. Ал ІІ жартыжылдықта 902 млрд. теңге соманың 162 жобасы жүзеге асырылады. 2011 жылы жалпы есеппен 1 трлн. астам теңгенің 237 жобасы іске қосылып, 45 мыңдай жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.

ІІ жартыжылдықта Шарын өзеніндегі Мойнақ ГЭС-ның құрылысы, "Жетіген-Қорғас" және "Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара" теміржол желілерінің құрылысы, Астанадағы "Talgo" жолаушылар вагоны өндірісі, Сырдариядағы Көксарай су реттегішінің құрылысы, Қызылорда облысындағы күкірт қышқылы зауытының құрылысы және т.б. с.с ірі индустриялық жобалар іске қосылады.

Жұма, 9 желтоқсан күні сағат 15.00 Астанадағы "Сарыарқа" республикалық велотрегінде Елбасының қатысуымен Индустрияландыру картасының 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында іске қосылған жобаларының тұсаукесер рәсімі бойынша жалпыұлттық телекөпір болады. Сондай-ақ сапа саласындағы Елбасының "Алтын сапа" сыйлығы мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы "Парыз" конкурсының лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау рәсімі өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны