12.10.2007, 18:46 3003

Қазақстандық банктер сыртқы қарызды табысты қайтара алады - ҚР Ұлттық банкі

Қазақстандық банктер сыртқы қарызды табысты қайтара алады.

Астана. 12 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық банктер сыртқы қарызды табысты қайтара алады. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Акишев бүгін журналистерге берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

"Біз банктер бұл мәселені шеше алады деп санаймыз, өйткені, ірі және басқа да банктер бойынша берешекті қайтару кестелері мен ондағы сандар анау айтқандай қорқынышты емес", - деді Д. Акишев.

"Біз қазір банктердің өз саясатын түзете бастағанын, олардың несиелік қоржындарының тұрақтана түскенін байқап отырмыз, демек, банктер қазір өздерінің несиелерін қайта құрылымдайды, төлемдерге дайындалады деп ойлаймын және бұл шара табысты жүзеге асырылады", - деді ол.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары ағымдағы жылдың маусым айының аяғындағы жағдаймен банктердің резидент еместердің алдындағы берешектері, ресми статистикаға сәйкес, 45, 9 млрд долларды құрағанын еске салды.

"Бұл әрине, Жалпы ішкі өнімнің тең жартысына жуық қаржы, дегенмен, қыркүйек айының аяғындағы оперативтік мәліметтерге сәйкес, бұл сан тұрақтанды", -деді Д. Акишев. "Яғни, шілде, тамыз, қыркүйек айларында бұл сан өскен жоқ : банктер сыртқы қарызды ұлғайта түсуді тоқтатты, олар өздерінің бұрынғы берешектерін қайта қаржыландыруда, 2007 жылдың қорытындысы бойынша, берешектердің көлемі төмен болмақ",-деді Д. Акишев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны