22.11.2012, 14:25 3026

Қазақстандық банктер жыл соңында бизнестің несие алуға сұранысы артады деген болжам жасауда

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы қазанда банктерге кейіннен банктердің менеджерлерімен сұхбат жүргізе отырып, сауалнама жүргізу нысанында "Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы" кезекті тоқсан сайынғы зерттеуін жүргізген болатын.

Алматы. 22-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстандық банктер ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанында бизнестің кредит алуға сұранысы одан әрі артады деген болжам жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "Корпоративтік кредиттеу сегментінде 2012 жылғы 3-тоқсанда банктердің жартысынан көбі қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттік ресурстарға деген сұранысының ұлғайғанын атап өтеді, атап айтқанда айналым қаражатын толықтыруға арналған қысқа мерзімді қарыздар айтарлықтай сұранысқа ие. Сыртқы нарықтарда ұзақ мерзімді кредиттеудің шектеулі және белгісіз болуына байланысты негізі құрал-жабдықтарды қаржыландыру көбіне кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады".

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы қазанда банктерге кейіннен банктердің менеджерлерімен сұхбат жүргізе отырып, сауалнама жүргізу нысанында "Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы" кезекті тоқсан сайынғы зерттеуін жүргізген болатын.

2012 жылғы 4-тоқсанда банктер кредиттерге деген сұраныстың өсу қарқынының одан әрі төмендеуін, бәсекелестіктің күшейетінін, соның салдарынан банктердің корпоративтік секторды кредиттеуінің мерзімдер, сомалар және пайыздық мөлшерлемелер бойынша талаптарының жұмсаратынын болжайды. Сонымен қатар банктер өтінімдерді қарау мерзімдерінің қысқаруы есебінен клиенттерге қызмет көрсету сапасын көтеру және тәуекелдерді басқару жүйесін жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Бұдан басқа кейбір банктер түрлі акциялар жүргізуді, шағын және орта бизнес секторында кредиттік портфельді өсіру үшін жаңа әдістемелер мен технологияларды ендіруді жалғастыратын болады. Бөлшек кредиттеу сегментінде жеке тұлғалар тарапынан сұраныс тұрақты өсуде. Банктердің 69%-ы тұтыну кредиттеріне сұраныстың ұлғайғандығын атап өтті, кредиттеудің осы сегментінде сұраныстың бұрынғы деңгейде сақталуын бағалаған респонденттердің үлесі 21% сәл артық болды. Сондай-ақ ипотекалық қарыздарға сұраныстың ұлғаюын небәрі 34% банктер атап өтті, 50% сәл артық респонденттердің пікірі бойынша сұраныс бұрынғы деңгейде қалды. Банктер өздерінің кредиттік бағдарламаларының тартымдылығын арттыру мақсатында кредиттік өтінімдерді қарау уақытын қысқартуды, кредиттеу сомасы мен мерзімін ұлғайтуды, бастапқы жарнаның шамасын төмендетуді және кредитті ресімдеу, беру және қызмет көрсету кезінде сервистің деңгейін арттыруды жалғастыруда.

2012 жылғы 4-тоқсанда сақталып отырған бәсекелестік қысым аясында банктер ағымдағы қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастыратын болады. Көрсетілетін қызметтің сапасы мен жылдамдығына, азық-түлік түрлерінің кеңеюіне және кредит саясатын жеңілдету мүмкіндігіне баса назар аударылатын болады.

Проблемалық қарыздардың кредиттік портфельдегі үлесі әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Банктердің 8%-ға жуығы несие портфелі сапасының аздап жақсарғанын күтуде, респонденттердің 86%-ға жуығы сапаның өзгеріссіз қалатынын болжайды және банктердің тек 5%-ы ғана несие портфелінің сапасы шамалы нашарлайды деп санайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны