08.09.2016, 14:03 3746

Қазақстандық дихандар 60 млрд теӊге көлеміндегі бюджеттік несиені толық игерді - ҚазАгро

Бүгінгі таӊда 60 млрд.теӊге көлеміндегі бюджеттік несие толық көлемде игерілген. Бұл қаражатқа 2627 шаруашылықтар мен аграрлық құрылымдар қаржыландырылған.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" холдингініӊ несие ресурстарына 2016 жылы 6,8 млн. га алаӊда көктемгі-егіс және жинау жұмыстары жүргізілді. Дихандар?a қаржылай қолдау 60 млрд. теӊге көлеміндегі бюджеттік несие есебінен, сондай-ақ "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ бюджеттен тыс көздерініӊ есебінен көрсетіледі.

Холдинг хабарлағандай, осы уақытқа дейін Холдинг республиканыӊ ауылшаруашылық тауар өндірушілерін 72,6 млрд. теӊгеге қаржыландырды. Несиелеуден басқа ауыл шаруашылығыныӊ лизингі сияқты құрал белсенді іске қосылған. Бұл бағдарлама шеӊберінде ағымдағы жылы фермерлер жалпы 26,3 млрд.теӊге сомасына 1,5 мыӊ бірліктен астам техника сатып алды.

Бүгінгі таӊда 60 млрд.теӊге көлеміндегі бюджеттік несие толық көлемде игерілген. Бұл қаражатқа 2627 шаруашылықтар мен аграрлық құрылымдар қаржыландырылған.

Қазақстанда республиканыӊ аграрлық шаруашылықтарын кооперациялар принципінде біріктіру процессі күш алуда. 2015 жылы "ҚазАгро" ұлттық холдингі шағын және орташа агробизнес үшін несие ресурстарына қолжетімділікті кеӊейту мақсатында ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландырудыӊ жаӊа схемасын әзірледі және пилоттық режимде іске қосты. Ұсынылған шешім кооперациялар және ынтымақты жауапкершілік принциптерінде астық өндірушілерді бірлестіруді болжайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны