20.01.2009, 13:25 1650

Қазақстандық екінші деңгейлі банктер биыл сыртқы қарызды өтеуге $11 млрд бағыттауы тиіс - Сәйденов

Қазақстандық екінші деңгейлі банктер биыл сыртқы қарызды өтеуге $11 млрд бағыттауы тиіс - Сәйденов

Астана. 20 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық екінші деңгейлі банктер биыл сыртқы қарызды өтеуге $11 млрд көлемінде қаржы бағыттауы тиіс. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Инуар Сәйденов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің нақтыланған есеп бойынша, биыл $11 млрд бағытталуы тиіс", -деді банк басшысы.

"Қаражат оларда бар, әзірге дефолт жоқ, қаңтардың аяғына таман бірінші төлемдер жасала бастайды, сол кезде байқаймыз", - деді ол.

Ұлттық банк басшысының мәліметінше, биыл, сыртқы қарыз бойынша ең ауқымды төлемді "БТА Банк" жасауға тиіс. "Олардың берешегі $3 млрд асады, басқа банктердің берешегі аздау", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны