12.07.2016, 13:15 4931

Қазақстандық электромобильдер шетелдерге экспортталады

"СарыарқаАвтоПром" ЖШС - Қостанайдағы ірі кәсіпорындардыӊ бірі. Индустрияландыру бағдарламасы аясында мұнда жаӊа өндіріс - CКD-құрастыру әдісімен NOMAD моделімен Ssang Yong автомобильдерін шығару іске қосылды

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов "СарыАрқаАвтоПром" автоқұрастыру кәсіпорнында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"СарыарқаАвтоПром" ЖШС - Қостанайдағы ірі кәсіпорындардыӊ бірі. Индустрияландыру бағдарламасы аясында мұнда жаӊа өндіріс - CКD-құрастыру әдісімен NOMAD моделімен Ssang Yong автомобильдерін шығару іске қосылды, деп хабарлайды pm.kz тілшісі.

Кәсіпорынды аралау кезінде Кәрім Мәсімов шығарылатын өнім желісімен, оныӊ ішінде отандық электромобильдердіӊ шығарылуымен танысты.

Автомобиль өндірісі аймақ экономикасыныӊ дамуына зор үлесін қосып отырғанын айта кеткен жөн. Нақ осы салаға жалпы аймақ өнімініӊ 11,3% тиесілі.

Биылғы жылдыӊ қаӊтар және мамыр айларыныӊ аралығында 1665 Peugeot (Франция), Toyota (Жапония), Ssang Yong (Оӊтүстік Корея), JAC (Қытай) жаӊа автомобильдері шығарылған, олар қазақстандық нарықта зор сұранысқа ие.

Алдағы уақытта JAC автомобильдерініӊ шанақтарын дәнекерлеу желісін орнату жоспарлануда.

Премьер-Министрге автоқұраушытар шығаратын индустриялдық аймақ таныстырылды.

Компаниялар тобыныӊ құрамына "СарыарқаАвтоПром" кіретін AllurGroup директорлар кеӊесініӊ төрағасы Андрей Лаврентьев автоконцернніӊ өндірісті кеӊейту бойынша жоспары туралы баяндады.

Кәсіпкердіӊ айтуынша, қазіргі кезде AllurGroup CMC қытай корпорациясымен ынтымақтастық мәселелерін пысықтап жатыр. Тараптар бірлескен өндіріс құрып, болашақта шығарылатын автомобильдерді шетелдерге экспорттауды көздеуде.

Бизнесмен сондай-ақ бұл іске мемлекеттік демеу қаржыныӊ қажет еместігін, оныӊ таза коммерциялық жоба екенін атап өтті. Алайда Лаврентьев қытайлық серіктес үшін инвестициялық преференцияларды сақтау қажеттігін айтты. Бұл жобаны экономикалық тұрғыдан тартымды ете түспек.

Сонымен қатар Кәрім Мәсімов ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын цех жұмысымен танысты. "АгромашХолдинг" АҚ базасында астық жинайтын заманауи Essil және New Holland комбайндары шығарылады. Еліміз бойынша бұл техникаларға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын сегіз филиал жұмыс істеуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны