03.04.2014, 20:53 4499

Қазақстандық фермерлер Қытайдағы халықаралық семинарға қатысты

"Қазагромаркетинг" АҚ ҚХР-дың Үрімші қаласына отандық фермерлердің іссапарын ұйымдастырды. Онда отандық фермерлер ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Қытай ықпалдастығы тақырыбына арналған халықаралық семинарға қатысты.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. "Қазагромаркетинг" АҚ ҚХР-дың Үрімші қаласына отандық фермерлердің іссапарын ұйымдастырды. Онда отандық фермерлер ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Қытай ықпалдастығы тақырыбына арналған халықаралық семинарға қатысты.

"Қазагромаркетинг" АҚ-да хабарлағандай, іссапар барысында отандық фермерлер қытайлық кәсіпкерлермен танысып, іскерлік қарым-қатынастар орната алды.

"Көрші елдің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетіне көзіміз алғаш рет жетті. Нарық - өте ауқымды. Отандық фермерлер бұл тұтынушылық нарықты барынша қолдануға тиіс. Сонымен қатар іссапардан түйгенім - қытай ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары сапалы әрі батыс елдерінің өнімімен салыстырғанда әлдеқайда арзан, сондықтан болашақта осы техниканы сатып алатын боламын, - деп ой бөлісті шаруашылық басшысы. Сонымен қатар кәсіпкер қытайлық әріптестерімен 2 мың тонна тыңайтқыштарды шаруашылығы үшін сатып алу туралы келісімге қол жеткізіп келіпті", - деді "Агрожер 888" шаруа қожалығының басшысы Абай Медеубаев.

"Қазагромаркетинг" АҚ өкілдерінің сөзінше, екіжақты келіссөздер барысында отандық ауылшаруашылық кәсіпкерлері мен қытайлық бизнесмендер арасында еліміздің аумағында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеуге және алынған өнімдерді Қытайға экспорттауға бағытталған жобаларды іске асыру жөніндегі алдын ала келісімдер жасалған.

Болашақта да "Қазагромаркетинг" АҚ отандық фермерлерге Қытайдың ауылшаруашылық нарығын зерттеп, өздеріне серіктес болар компанияларды табуға жәрдемдесуге дайын.

Айта кетер болсақ, Қытай көп жылдан бері еліміздің үш негізгі шетелдік инвесторларының бірі болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері қытайлық кәсіпкерлер еліміздің экономикасына 20 млрд. доллар инвестиция құйған.

Сонымен қатар Қытай әлемдегі ең ірі азық-түлік тауарларын импорттаушы ел болып табылады. Қазақстандық ауылшаруашылық кәсіпкерлері Қытаймен арадағы байланыстарын дамытуды жоспарлауда, себебі қытайлық импорттаушылар елімізге жиі келіп, майлы дақылдарды, бидайды, макарон мен кондитерлік өнімдерді, балды, жүнді және өзге ауылшаруашылық тауарларын сатып алуға ниеттерін білдіруде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны