27.02.2014, 19:01 10369

Қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы Ауғанстанға барды

Шара Business to Business форматында өтті. Қазақстандық өнімдер - ұн, бидай, күнбағыс майы, метал бұйымдары, құрылыс материалдары, фармацевтикалық өнімдер жергілікті іскер ортада үлкен қызығушылық туғызды.

Алматы. 27 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстандық кәсіпкерлер сауда миссиясы өзбек кәсіпкерлерімен бірігіп Мазари-Шариф қаласын тамашалады. Ол отандық өнімді насихаттап, ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

"Кездесуде Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан елдері арасындағы сауда-экономикалық даму сұрақтары талқылынды. Балх провинциясы губернаторының көмекшісі сөз сөйледі, аймақтың кәсіпкерлерді қолдау агенттігі жетекшілері мен ҚР-ның Кабулдағы Елшісі, Мазар-Шарифтегі Бас консул, USAID өкілдері қатысты", - деп ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасынан хабарлады.

Шара Business to Business форматында өтті. Қазақстандық өнімдер - ұн, бидай, күнбағыс майы, метал бұйымдары, құрылыс материалдары, фармацевтикалық өнімдер жергілікті іскер ортада үлкен қызығушылық туғызды.

Сол жерде келісімшарт түзілмегенімен, компаниялар арасындағы әріптестік құру туралы келісімге қол жеткізілді, ендігі сапарда Қазақстанмен әріптестік құруға мүдделі тұлғалар қарым-қатынасты дамыту үшін өз бастамалары жайлы хаттама дайындады. Сонымен қатар, биылғы жылдың күзінде тағы да осы сынды шараны ұйымдастыру туралы мәселе көтерілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны