02.10.2018, 14:55 4770

Қазақстандық қызанақтар мен қиярлар экспортқа шығарылады

"Біз Қазақстан мен Ресей Федерациясыныӊ нарықтарына экологиялық таза көкөністер жеткіземіз. Егер өткен жылы Ресейге 3 700 тонна дайын өнім экспортталса, биыл біз көлемді 4 мыӊ тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз", - дейді өндіруші.

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы қазақстандық экспорттаушы "GreenLandAlatau"ЖШС-не қиярлардыӊ, қызанақтардыӊ тұқымдарын, салаттар ассортиментін, сондай-ақ тыӊайтқыштар сатып алу үшін айналым қаражаттарын толықтыруына қолдау көрсетті.

"GreenLandAlatau"ЖШС жылыжай кешені экологиялық таза көкөніс өнімдерін өндіруге маманданған, Алматы қаласы мен Алматы облысыныӊ ірі сауда желілері мен гипермаркеттеріне тікелей жеткізуді, сондай-ақ Ресей Федерациясына көтерме жеткізулерді жүзеге асырады.

"KazakhExport"-тыӊ мемлекеттік қолдауыэкспорттаушыға шығаратын өнімдер көлемін ұлғайтуына және экспорт географиясы мен көлемін кеӊейтуге мүмкіндік береді.

"Біз Қазақстан мен Ресей Федерациясыныӊ нарықтарына экологиялық таза көкөністер жеткіземіз. Егер өткен жылы Ресейге 3 700 тонна дайын өнім экспортталса, биыл біз көлемді 4 мыӊ тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз", - дейді өндіруші.

Жылыжай кешенігидропоника, тамшылы суару, қосымша жарық жүйесі, тұмандандыру жүйесі, перделеу жүйесі секілді көкөніс өсірудіӊ озық технологиялары қолданылатын еуропалық Dalsem (Нидерланды) заманауи жабдығымен жарақтандырылды.

"KazakhExport"-пен"Экспорт алдындағы қаржыландыру" өнімі бойынша ынтымақтастық жасау біздіӊ тиімді бағамен көп шикізат сатып алуымызға мүмкіндік берді. Бұған қоса, мемлекеттік қолдау механизмдері бізгетөлем мұрсатымен тауар жеткізуімізге жол ашты, бұл біздіӊ сыртқа нарықтарда бәсекеге қабілеттілігімізді көтеретіні сөзсіз", - деп түсіндірді экспорттаушы.

Экспорт алдындағы қаржыландыруайналым қаражаттарды толтыру және экспорттық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында қазақстандық екінші деӊгейдегі банктер арқылы қазақстандық экспорттаушыларға беріледі.

Анықтама:

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрылымына кіреді) миссиясы экономиканыӊ басым секторларында шикізаттық емес тауарлардыӊ, жұмыстардыӊ, қызметтердіӊ өсімін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржы-сақтандырумен және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны