20.10.2011, 16:49 4044

Қазақстандық компаниялардың Өзбкстанға барған сапарының нәтижесі 5 млн АҚШ долларынан астам қаржыға бағаланып отыр

Қазақстандық өндірушілер мен Өзбекстанның сатып алушы компаниялары арасында жеткізіп беру туралы тиісті келісімшарттар биыл қазан айының басында Ташкент қаласында Қазақстанның экспорттық өнімін таныстыру қорытындысы бойынша бекітілді.

Астана. 20-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстандық компаниялардың Өзбкстанға барған сапарының нәтижесі 5 млн АҚШ долларынан астам қаржыға бағаланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс-Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар компаниялары Өзбекстан рыногына 5 млн $ соманы құрайтын өз өнімін жеткізіп беруге келіскен. Бұл туралы Kaznex Invest ұлттық агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

Қазақстандық өндірушілер мен Өзбекстанның сатып алушы компаниялары арасында жеткізіп беру туралы тиісті келісімшарттар биыл қазан айының басында Ташкент қаласында Қазақстанның экспорттық өнімін таныстыру қорытындысы бойынша бекітілді.

Келісімшарттарға сәйкес, көрші республикаға 1 млн АҚШ долларына базальт негізіндегі минералды плита, 2 млн АҚШ долларынан астам сомаға майлы өнім, 1,3 млн АҚШ долларына медициналық бұйымдар, сондай-ақ 300 мың АҚШ долларына құрғақ құрылыс қоспалары, 200 мың АҚШ долларына химиялық өнімдер, 300 мың АҚШ долларына тұқымдық картоп экспортталады.

Kaznex Invest келтірген талдауға сәйкес, Өзбекстан рыногы машина жасау, металлургия, құрылыс, тағам, дәрі-дәрмек, химия саласы өнімдерін экспорттау үшін тартымды рыноктардың біріне жатқызуға болады.

Kaznex Invest 2010 жылы 2 сәуірде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің шешімімен құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны