16.07.2014, 22:16 2837

Қазақстандық күркетауық еті өндіру кешенінің қуаты шамамен 2 есеге арттырылды

Құны 5,6 млрд.теңге тұратын жоба "ҚазАгро" Ұлттық холлингінің құрамына кіретін еншілес компания "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы жүзеге асырылды. Соған байланысты жобаның жалпы құнынан 4,6 млрд.теңге "ҚазАгро" арқылы инвстицияланды.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Қазақстандағы күркетауық өсіру, сою және етін қайта өңдеу бойынша алғашқы құс фабрикасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Ордабасы Құс" ЖШС жылына ет өнімдерін өндіру көлемін 5000 тоннадан 8 110 тоннаға дейін ұлғайтты. Болашақта кешен 25 мың тоннаға дейін қол жеткізуді жоспарлауда

Құны 5,6 млрд.теңге тұратын жоба "ҚазАгро" Ұлттық холлингінің құрамына кіретін еншілес компания "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы жүзеге асырылды. Соған байланысты жобаның жалпы құнынан 4,6 млрд.теңге "ҚазАгро" арқылы инвстицияланды.

"Ордабасы Құс" ЖШС бүгінгі күні күркетауықты өндірістік негізде өсіру бойынша Қазақстандағы жалғыз құс фабрикасы, ал ТМД елдері бойынша үшінші фабрика болып табылады. Оның қуаттылығы бастапқы кезде жылына 5 мың тонна өнім болған. Кешенді нығайтудың екінші кезеңін жүзеге асыру барысында күркетауық етін шығару қуаттылығын тағы 3282 тоннаға арттыруға мүмкіндік берді. Құс фабрика өндірістік негізде күркетауық өсіру және етін қайта өңдеу бойынша барлық халықаралық талаптарға сай. Отандық тауар тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де сұранысқа ие.

"Қазақстандық күркетауық еті Ресей нарығында үлкен сұранысқа ие. Екі жыл ішінде біз Ресейге 4 мың тоннадан астам ет өнімдерін экспорттадық. Өнімнің үштен бір бөлігі Мәскеу нарығына жіберіледі. Біздің өнімді сондай ақ Челябинск, Новосібір нарығында да табуға болады және жеткізу орындарының саны күннен күнге өсуде", - дейді "Ордабасы Құс" ЖШС бас директоры Мұрат Тағаев.

"ҚазАгроҚаржы" мамандарының бағалауынша кешен жұмысынан жыл сайын бюджетке 232,3 млн.теңге сомасында қаражат түсуі тиіс. Жақын арада фабрика жұмысының нығаюы көзделуде, бұл дайын өнім шығаруды арттыруға мүмкіндік береді. Компанияның кешендік жоспарына сәйкес 2017 жылға қарай құс кешенінің өндірісі 25 мың тонна құс етін құрайды. Кәсіпорынның нығаюы шеңберінде жергілікті тұрғындардың жұмсыпен қамтылуы да ұлғаяды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны