27.08.2012, 12:43 3421

Қазақстандық өңдеу өнеркәсібінің өндірісі артып келеді

Индустриялдандыру бағдарламасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібі үлесінің артуына баса назар аударылуда, соның арқасында І жартыжылдықта өңдеу секторының жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру арта түсті.

Астана. 27-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстандық өңдеу өнеркәсібінің өндірісі артып келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Индустриялдандыру бағдарламасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібі үлесінің артуына баса назар аударылуда, соның арқасында І жартыжылдықта өңдеу секторының жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру арта түсті.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2012 жылғы І жартыжылдықта өндіріс көлемі 2,1% өскен. Оның ішінде азық-түлік, сусын, жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау және мұнай өңдеу өнімдері бар.

Бұдан басқа, үстіміздегі жылғы қаңтар-мамыр айларында өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 20,3 мың АҚШ доллары/адамды құрап, 2011 жылғы осы уақытпен салыстырғанда 6,4% өскен.

ҚР ИЖТМ айтуына қарағанда, металлургиядағы жоғары технологиялық өндіріс көлемі 20 747,9 мыңнан 21 310,9 мың тоннаға дейін өскен. Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 11,8% өсіп, 20 666 млн теңгені құраған, машина жасаудағы өндіріс көлемі 18,4% өсіп, 282 млрд теңгені құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны