06.12.2016, 12:53 4651

Қазақстандық өнім әлем нарығына ортақ брендпен шығатын болады

"Ұлы дала елі" бірыӊғай брендін пайдалану құқығын тағайындауға арналған байқау жеӊімпаздары анықталмақ.

Астана. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Ұлы дала елі" бірыӊғай брендін пайдалану құқығын тағайындауға арналған байқау жеӊімпаздары анықталмақ.

Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай шетелде танылатын "Ұлы дала елі" бірыӊғай брендін қалыптастыру - Қазақстан әлемніӊ дамыған 30 мемлекетініӊ қатарынан орын алу бағытындағы Ұлт жоспарын орындау болып табылады. Бұл қазақстандық сапалы өнімдерді ортақ бренд аясына шоғырлануы, яғни ұлттық тауарды жаӊа белеске шығаруға, бәсекелестікке төзімділік кеӊістігін құруға, жаһандық дағдарысты игеруге бағытталған жүйе болмақ.

Қазақстан Републикасы Президентініӊ "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған байқау, "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-байқауы, жеӊімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне орай өткен баспасөз маслихатында "Ұлы дала елі" жаӊа байқауыныӊ шарттары мен маӊыздылығы жайында "Атамекен" ҰКП Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департамент директоры Жеӊісбек Дулатов мәлімдеді.

"Жалпы "Ұлы дала елі" бірыӊғай брендін қалыптастыру қазақстандық үздік өнімдерін экспортқа шығаруды жолға қояды. Мұндай әдіс әлем елдерінде кеӊінен қолданылуда. Мәселен, "Siemens", "Procter & Gamble" сияқты компаниялар. Біздіӊ мақсат байқау арқылы еӊ үздік компанияларды тану, шетелде қазақстандық сапаныӊ оӊ имиджін қалыптастыру. "Қол жұмылмай - жылынбайды" демекші, ортақ мүддеге біріккен ұлттық тауарларымыздыӊ әлеуетін арттыру, қазақстандық сапа имиджін қалыптастыру бірігу арқылы жүзеге асады", - деді Жеӊісбек Дулатов.

Байқауға қатысудыӊ негізгі өлшемдері: экспортқа бағыттанушылық; жергілікті қамту үлесі; халықаралық марапаттар болуы; брендтіӊ Қазақстанныӊ әлем аренасында қабылдануымен теӊдестірілуі. Жеӊімпаздар қатарында өндірісініӊ кем дегенде 50 пайызы отандық шикізат, экспорт үлесі 30 пайыз құрайтын кәсіпорындар іріктелді.

"Ұлы дала елі" еліміздіӊ біртұтас бренді сипатында сапалы өнім мен қызметтерді біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан, жеӊімпаздарға арналатын қосымша жеӊілдіктерді ескерер болсақ, өндірушілерді жаӊа белестерді бағындыруға ынталандырса, екінші жағынан, Қазақстанныӊ халықаралық дәрежеде танымалдылығын арттырып, беделін нығайтады.

Байқау шеӊберінде 23 әлеуетті қатысушы өтінімдері қарастырылып, 12 үміткер іріктелді. Содан кейін олардыӊ өндірістеріне комиссия жіберілді. Комиссия тексеру нәтижесінде Ұлттық палата сайтында онлайн дауыс беру үшін шығарылған 6 үміткерді белгіледі. 2 желтоқсанда дауыс беру қорытындысы бойынша үш үздік кәсіпорын іріктелді, олар жоғарыда аталған конкурстар жеӊімпаздарымен бірге ертеӊ, яғни 6 желтоқсанда мараптталады", - деп атап өтті Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департамент директоры Жеӊісбек Дулатов.6 желтоқсанда үш отандық компания Қазақстан брендін халықаралық ауқымда насихаттау, алыс-жақын шетелде танымалдылығын арттыру мақсатында, "Ұлы дала елі" бірыӊғай брендін қолдану құқығын иеленеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны