02.07.2014, 20:11 1355

Қазақстандық өнім өндірушілерге 49 млрд теңге субсидия бөлінеді

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге 49 млрд теңге субсидия бөлінеді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге 49 млрд теңге субсидия бөлінеді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

АШМ екінші деңгейлі банктермен, қоғамдық ұйымдармен және ҰКП мен АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру мәселесін талқылаудың қорытынысы бойынша қаржы институттарында "ҚазАгро" холдингі тарапынан субсидияланған қаржыны орналастыруды қарастыратын қосымша тетікті дайындады.

Субсидиялау келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады: жылына ең көп дегенде 10 пайыздық бекітілген деңгейде қаржы институттарына қорланыру қаражатын "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ орналастыруы, соның 7 пайызы қаржылық сауықтыру бойынша комиссия шешімі негізінде мемлекет тарапынан субсидияланады; қорландыру қаражаты жылына 3 пайыздық үстемемен қаржы институттарына орналастырылады; қаржы институттары қайтару мерзімі 9 жылға дейінгі шартпен жылдық сыйақы құнын 7 пайыздық деңгеймен жаңа несиелік келісімшарт құру арқылы АӨК субъектілерін міндетті қайта қаржыландыруын жүзеге асырады.

Қазіргі таңда АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру комиссиясы тарапынан жалпы қарыз құны 149,2 млрд теңге болатын 169 қарыз алушының өтініші мақұлданды.

Қаржылық сауықтыру аясында екі жыл ішінде 217 АӨК субъектісінің өтініші мақұлданған. Олардың жалпы құны 167,6 млрд теңгені құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны