30.04.2014, 22:20 27766

Қазақстандық ШОБ-тің ресейлік нарыққа шығуына барлық жағдай жасалған - Ғ. Оразбақов

"Мысалы, Мәскеуге Қазақстанның оңтүстігінен көкеніс жеткізу мәселелерін талқылау үшін аталмыш аймақтың кәсіпкерлерін шақырдық. Сондағы білгеніміз бұл саладағы Мәскеудің нарығы жылына 5 млрд. долларды құрайды екен. Демек, бұл үлкен нарық және қазақстандық бизнестің алдында үлкен мүмкіндіктер туындауда", - деп ол атап өтті.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстанның КО елдеріне қарағанда артықшылығы басым. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғалым Оразбақов мәлімдеді.

"Барлық жерде Ресей біз үшін ең басты стратегиялық әріптес екені көрсетілген. Бірыңғай экономикалық кеңістік құру барысында меніңше, қазақстандық бизнестің үлесін арттыру жеткілікті. Егер де шекаралық бекеттегі кедендік тәртіпті жеңілдеткенімізді еске алсақ, Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 40 пайызға өскендігін байқадық", - деді Ғ. Оразбақов.

Сонымен, оның айтуынша, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру нормасы Қазақстанның Ресейдегі тауар айналымын арттыруға септігін тигізді. Сонымен қатар қазақстандық бизнестің мүмкіндігін арттырды.

"Мысалы, Мәскеуге Қазақстанның оңтүстігінен көкеніс жеткізу мәселелерін талқылау үшін аталмыш аймақтың кәсіпкерлерін шақырдық. Сондағы білгеніміз бұл саладағы Мәскеудің нарығы жылына 5 млрд. долларды құрайды екен. Демек, бұл үлкен нарық және қазақстандық бизнестің алдында үлкен мүмкіндіктер туындауда", - деп ол атап өтті.

"Бұл жерде Қазақстанға өнім кіргізу болашағы жоғары өңірлер болып табылатын Сібір мен Ресейдің шекаралас жерлері туралы сөз болып тұрған жоқ", - дейді Ғ.Оразбақов.

Оның айтуынша, монополияға қарсы ведомствоның басты міндеттемесі - шаруашылық субъектілерінің бірдей шарттарда, бірдей жағдайда жұмыс істеуі мен бәсекелестікке жағдай жасайтын заңнаманың салтанат құруы.

"Бұл үшін Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Менің ойымша, біздің елдің артықшылығы Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда жоғары және әкімшілік кедергілер мәселесі жағынан да алда тұр. Біздің заңнамамыз барынша ыңғайлы және ресейлік нарыққа шығуға өз кезегінде салықтық заңнама да мүмкіндік береді", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны