07.09.2016, 09:40 4156

Қазақстандық зауыт "Ресей тікұшақтары" АҚ-тан авторизацияланған авиажөндеу кәсіпорны куәлігін алды

Мәскеу облысыныӊ Кубинка қаласындағы "Армия-2016" халықаралық әскери-техникалық форумы барысында қазақстандық зауыттыӊ басшылығына салтанатты түрде тиісті құжат табыс етілді.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - "№405-авиажөндеу зауыты" АҚ Қазақстанныӊ аумағында авторизацияланған авиажөндеу кәсіпорны ретінде "Ресей тікұшақтары" акционерлік қоғамынан куәландыру рәсімінен өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Мәскеу облысыныӊ Кубинка қаласындағы "Армия-2016" халықаралық әскери-техникалық форумы барысында қазақстандық зауыттыӊ басшылығына салтанатты түрде тиісті құжат табыс етілді.

Кепілдемелік және сатудан кейінгі қызмет көрсету жүйесін дамыту шеӊберінде "Ресей тікұшақтары" АҚ "М.Л. Миль атындағы МТЗ" АҚ құрастыру бюросымен бірлесе қазақстандық кәсіпорынныӊ күрделі жөндеуді, техникалық қызмет көрсетуді, Ми-8Т, Ми-8П, Ми-8ПС, Ми-17, Ми-8МТВ-1, Ми-17-1В, Ми-8АМТ, Ми-171(Е), Ми-172 үлгісіндегі тікұшақтарға толымдаушы бұйымдардыӊ жөнделуініӊ жоғары сапада орындалуын растады.

Куәлік Қазақстанда авиациялық техниканыӊ көрсетілген үлгісінде жұмыстардыӊ барлық түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша, IV халықаралық "KADEX-2016" көрмесінде "Ресей тікұшақтары", "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ және "№405-авиажөндеу зауыты" АҚ арасында қол қойылған үшжақты келісім Қазақстанда тікұшақ техникасына сатудан кейінгі қызмет көрсету аясында алғашқы нәтижелерін берді. "№405-авиажөндеу зауыты" АҚ 2012 жылдан бастап бүкіл республика бойынша ресейлік өндірістіӊ тікұшақтарына сервистік қызмет көрсету бағдарламасын іске асыруда. Аталған бағдарламаныӊ мақсаты ұшулар қауіпсіздігін арттыру, үздік пайдалануды қамтамасыз ету, халықаралық стандарттар деӊгейіне дейін техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сервистік қызметтер сапасын жеткізу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны