06.01.2009, 17:59 4206

Қазақстандық жаңашылдардың еңбегінің ғылыми үлгілерін өндіріске енгізу қажет - Назарбаев

Қазақстандық жаңашылдардың еңбегінің ғылыми үлгілерін өндіріске енгізу қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы Alatau IT City инновациялық технологиялар паркінде болған кезде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Алматы. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық жаңашылдардың еңбегінің ғылыми үлгілерін өндіріске енгізу қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы Alatau IT City инновациялық технологиялар паркінде болған кезде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстандағы барлық жаңашылдар қатысып отырған бұл көрмеде біздің ғалымдарымыздың тың жаңалықтарының тамаша үлгілері қойылған. Изірге тек ғылыми үлгілер ғана жасалып отыр, енді оны өндіріп шығару қажет", -деді Н. Назарбаев.

"Мәселен, қоғам мұнай, газ бен көмір емес, қуаттың балама көздерін іздестіріп жатыр: күн батареялары мен желдің қуатын пайдалану амалдарын іздеуде. Біз ғалымдарымыздың тәжірибелік қондырғыны жасап шығарғанын көріп отырмыз. Енді оны қаржыландырып, жасап шығару арқылы қуат үнемдеу жолымен өнім алу қажет", -деді ол.

Президенттің мәлімдеуінше, "Alatau IT City инновациялық технологиялар паркі одан әрі дами береді". "Бізде Оралда, Қарағандыда, Астанада осындай инновациялық парктер бар, Алматыда - нанотехнологиялар орталығы құрылды, яғни біз қазір осының барлығының басын қосып біріктіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Ондағы мақсат - өндіріске нәтиже беретін жаңалықтар шығуы қажет. Мұндай жағдай Қазақстан тұрмақ Кеңес Одағында болған жоқ".

"Біздің бүгінгі кездесуіміз, осы көрме мен сұхбатымыз Қазақстанда ғалымдар, жаңашылдар, бастар бар екенін дәлелдейді, олардың жаңалықтар жасай алатынын дәлелдейді, енді оны өндіріп шығару қажет",- деді президент.

"Инновация - еңбек өнімділігін айтарлықтай өсіретін тың жаңалық. Еңбек өнімділігі айтарлықтай өссе, халықтың әл-ауқаты да өседі. Бұл жерде ғылым- сынақтар- тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғы- өндіріс деген тізбек жұмыс істеуге тиіс. Бізде бұрын мүлдем олай жасалған жоқ. "Самұрық-Қазына" құрылған соң осындай мүмкіндік туды", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны