06.03.2008, 11:41 1782

Қазақстандық және украиналық кәсіпкерлер Киев пен Астана немесе Алматының арасында тұрақты авиабайланыс орнату қажет деп санайды

Қазақстандық және украиналық кәсіпкерлер Киев пен Астана немесе Алматының арасында тұрақты авиабайланыс орнату қажет деп санайды

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық және украиналық кәсіпкерлер Киев пен Астана немесе Алматының арасында тұрақты авиабайланыс орнату қажет деп санайды. Кеше өткен баспасөз мәслихаты барысында "БТА Банк" АҚ Украинандағы өкілдігінің басқармалары төрағасы Жомарт Ертаев пен Украинаның өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының аймақтық филиалының төрағасы Анатолий Скоромный осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Келесі жылы немесе орта мерзімді перспективада Киев пен Астана немесе Алматының арасында тұрақты авиабайланыс орнату дұрыс секілді", - деді Ж. Ертаев.

"Дубаи, Москва немесе басқа елдер арқылы ұша беруді доғару қажет, бізге байланысты жеңілдете түсетін тұрақты рейстер жетпейді", -деді ол.

"БАҚ-тар арқылы елдердің президенттеріне осындай өтініш жасайық, ал біз осы ұшақтарды толтыратын боламыз", -деді БТА өкілі. Ол Украинадағы инвестициялық ахуалды "өте жақсы" деген бағаға таяу деп бағалады. "Өткен жылдың соңғы жартысында БТА Украинадағы өз үлесін төрт еседен аса өсірді. Сонымен қатар Украинадағы жиынтық банк капиталының 35% жуық көлемі шетел капиталына тиесілі", -деді Ж. Ертаев.

Өз кезегінде А. Скоромный Украина мен Қазақстан арасында тұрақты авиабайланыс орнату туралы бастаманы қолдайтыынн атап өтті.

"Еліміздегі бизнес-орта тура әрі тиімді рейстердің пайда болуына ықпалын тигізе алады. Атап айтсақ, Украинаның өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының үкіметке белгілі деңгейде сөзін өткізе алу мүмкіндігі бар, өйткені, еліміз экономикасының 85% біздің одаққа мүше кәсіпорындарға тиесілі", - деді ол. "Біз өзіміздің Қазақстандағы кездесулеріміздің қорытындысы туралы есеп дайындаған кезде тұрақты авиарейстердің қажеттігі туындағанын міндетті түрде атап көрсететін боламыз", -деді одақ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны