24.05.2016, 18:37 4732

Қазақстандық жұмыс берушілер орта білікті техника мамандарына мұқтаж

Бұл туралы бүгін жұмыс берушілердіӊ кадрлық сұраныстарын анықтау мақсатында өткізілген сауалнаманыӊ қорытындысы туралы ҚР ДСИДМ-де өткен брифингте "ҚР ДСИДМ Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АҚ (әрі қарай - ЖП АТО ) Президенті Дәулет Арғындықов мәлімдеді

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін жұмыс берушілердіӊ кадрлық сұраныстарын анықтау мақсатында өткізілген сауалнаманыӊ қорытындысы туралы ҚР ДСИДМ-де өткен брифингте "ҚР ДСИДМ Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АҚ (әрі қарай - ЖП АТО ) Президенті Дәулет Арғындықов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өз сөзінде ол 2015 жылы алғаш рет "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып 3700 жұмыс берушілер арасында мамандықтар мен кәсіптеріне қарай кадрлар сұранысын анықтау мақсатында сауалнама өткізілгенін еске салды.

"Биылғы жылы қатысушылардыӊ саны әлдеқайда ұлғайтылды. Бұл сауалнама нәтижесініӊ сенімділігі мен оныӊ аясын кеӊейтуге мүмкіндік берді. 2016 жылы жалпы қызметкерлер саны 880 мыӊнан астам адамды құрайтын барлығы 7 мыӊнан аса жұмыс беруші сауалнамадан өтті", - деп хабарлады Дәулет Арғындықов.

Сауалнама нәтижесі бойынша 2016 жылы жұмыскерлерге деген сұраныс 134 мыӊ адамды құрады. Негізгі сұраныс сауда, қаржылық және сақтандыру қызметтері, жылжымайтын мүлік сынды қызмет көрсету салаларына тиесілі. Экономиканыӊ нақты секторында жалпы кадр қажеттілігі 49 мыӊ адамға бағаланып отыр, сонымен бірге, оныӊ жартысына жуығы ауылшаруашылық секторына қажет екені белгілі болды. Өнеркәсіп саласында кадрларға сұраныстыӊ негізгі бөлігі өӊдеу өнеркәсібіне тиесілі, оныӊ басым көпшілігі киім, аяқ киім, сондай-ақ, ағаштан жасалатын заттар өндірісінде қажет болып отыр. Жалпы алғанда, аталған сала өнеркәсіптері өз қызметкерлер штатын 10%-дан астам көрсеткішке ұлғайтуға мүмкіндіктері бар.

ЖП АТО президенті мемлекеттік бағдарламаларды, оныӊ ішінде "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" және "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары жеке меншік сектордыӊ дамуына септігін тигізіп келе жатқанын атап айтты.

"Егер соӊғы жылдары еӊбек ресурстарына сұраныс мемлекеттік сектор тарапынан болса, биылғы жылы сұраныстыӊ 80%-ы жеке сектордыӊ үлесінде", - деді Дәулет Арғындықов.

Аймақтар арасында кадрлар сұранысыныӊ басым көпшілігі Алматы, Оӊтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, сонымен бірге, Астана, Алматы (жалпы сұраныстыӊ 60%-ы) байқалады. Сонымен, аталған облыстардағы жалпы сұраныс 60,8 мыӊ қызметкерді құраса, Астана мен Алматы қалаларында - 20,9 мыӊ адам болып отыр.

Салалардағы негізгі сұраныс 5 салаға тиесілі:

- сұраныстыӊ үштен бір бөлігіне жуығы (42 мыӊ адам) сауда, қаржы, жылжымайтын мүлікпен айналысатын өндірістерден;

- сұраныстыӊ 17% (23 мыӊ адам) ауылшаруашылық кәсіпорындарынан;

- сұраныстыӊ 12%-ы (16,3 мыӊ адам) білім беру саласы ұйымдарынан;

- 10% - ы (13,6 мыӊ адам) - құрылыс компанияларынан келсе,

- өндірістік кәсіпорындарға 12,2 мыӊ қызметкерлер қажет, бұл сұраныстыӊ 9%-ын құрап отыр.

"Аталған сауалнама мәліметтері сараптамасыныӊ нәтижесі бойынша республикада орта білікті техника мамандарына деген сұраныс жоғары болатыны анықталды. Оныӊ мөлшері 57,1 мыӊ немесе еліміздегі жалпы кадр сұранысыныӊ 43%-ын құрап отыр. Сонымен бірге, жұмыс берушілердіӊ біліктілігі төмен немесе біліктілігі жоқ мамандарға деген сұранысы жоғары. Ол 33% болып отыр. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы мамандарға деген сұраныс та жоғары - 15%. Инженерлік-техникалық кадрларға деген сұраныс қажеттілігі бойынша соӊғы орыннан бір саты жоғары тұр - республика бойынша небәрі 6,2 мыӊ адам (жұмыс берушілер сұранысыныӊ 4,6%-ы) ғана керек. Кеӊсе жұмыскерлері, әкімшілік персонал мен өзге де қызметкерлерге деген сұраныс өте төмен - 4%", - деп қорытындылады Дәулет Арғындықов.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны