29.06.2018, 23:38 2908

Қазақстандық журналистердіӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі орташа заем сомасы 8 млн теӊгені құрайды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) салымшылары арасында сан жағынан журналистер мен БАҚ қызметкерлері алтыншы орында.

Алматы. 29 маусым. Kazakhstan Today - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) салымшылары арасында сан жағынан журналистер мен БАҚ қызметкерлері алтыншы орында. Тұрғын үй құрылыс жинақ мәдениетінде олардыӊ алдында тек оқытушылар, медицина қызметкерлері, бухгалтерлер, кәсіпкерлер және әскери қызметшілер тұр. Тележүргізушілер мен тілшілердіӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинағыныӊ орташа сомасы 3 млн теӊгені құрайды.

Бұл деректерді журналистерді Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтау барысында банктіӊ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова келтіріп өтті.

- 2018 жылдыӊ алғашқы 5 айы ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 12 912 заем берді. Бұл жалпы қазақстандық ипотеканыӊ 80%-дайы. Тек жұмыс күндерін есепке алсақ, күн сайын орта есеппен шамамен 130 қазақстандық қоныс тойын тойлайды екен. Олардыӊ арасында журналистердіӊ де бар екеніне сенімдімін. Біздіӊ банктіӊ клиенті атанған БАҚ өкілдері тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесініӊ артықшылықтарын өз тәжірибесінде тексеріп көріп, енді бізге отандастарымызға үй алудыӊ қолжетімді жолдары туралы ақпаратты жеткізуге көмектесуде, - дейді Ләззат Ибрагимова.

Баспана мәселесіне баса көӊіл бөліп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне депозит ашуға келетіндердіӊ орташа жасы 20 мен 30-дыӊ арасында. Ал заем ресімдеушілердіӊ орташа жасы - 42. Банк арқылы баспаналы болып жатқан клиенттер мен журналистердіӊ жартысы үйді қайталама нарықтан алғанды жөн көреді. Идетте олар займды орта есеппен 6,5-7 жылға алады. Мұндай несиелер бойынша ай сайынғы төлемніӊ орташа сомасы 55 000 мен 82 000 теӊгеніӊ аралығында.

Құрылғанына 15 жыл болған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы уақыт ішінде 147 302 қазақстандық отбасыға баспана жағдайын жақсартуға көмектесті. Олардыӊ 86%-ы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы пәтер алуды жөн көрсе, 6,6%-ы жөндеу жұмыстарына заем алған, ал 1,8%-ы үй салу мүмкіндігіне қол жеткізген.

Осы ретте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерініӊ жауапкершілігі еӊ жоғары заем өтеушілер екенін айта кету керек. Банктегі NPL деӊгейі (уақтылы өтелмеген, өтеу мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелер) ел бойынша еӊ төмен көрсеткішке ие - бар болғаны 0,24%. Басқа екінші деӊгейлі банктерде бұл көрсеткіш орта есеппен 9%-ды құрайды.

Қазір 1 млн 118 525 адам 546,4 млрд теӊгеніӊ салымын сенім білдіріп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде сақтап отыр. Бұл - елдегі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтыӊ 12,8%-ы. Бес жыл бұрын аталған көрсеткіш 7,1%-ға теӊ еді. 2023 жылға дейінгі жаӊа стратегияға сәйкес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі экономикалық тұрғыдан белсенді халық арасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қатысушыларыныӊ үлесін 17%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Банк өнімдеріне деген жоғары сұраныстыӊ себебі олардыӊ қолжетімді болуында ғана емес. Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттер қызметті ыӊғайлы жолмен алып, оған барынша аз уақыт жұмсасын деп, IT-технологияларды белсенді түрде енгізуде.

Өткен жылы іске қосылған, тұрғын үй сатудыӊ электронды платформасы саналатын Baspana.kz жылжымайтын мүлік порталы қазақстандықтар арасында кеӊінен танымал. Бұл жерде қызығушылық тудырған нысанды таӊдап, баспана сатып алу бойынша тұрғын үй бағдарламаларыныӊ шарттарымен танысып, пәтер сатып алушылар пулына қатысуға өтініш беріп, ұнаған пәтерді таӊдап, мүлікті сатып алуға дейінгі ары қарайғы бар процесті оӊай бақылап отыруға болады.

Осы уақытқа дейін Baspana.kz порталыныӊ көмегімен 9 000 отбасы үйлі болды. Қазіргі уақытта порталға 87 000 қолданушы тіркелген, сондай-ақ "Нұрлы жер" және "Өз үйім" бағдарламалары бойынша 15 491 пәтерден тұратын 215 нысан туралы ақпарат жарияланған.

Бұдан бөлек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі - Кеӊесшілердіӊ әлеуметтік желісін іске қосқан Қазақстандағы жалғыз қаржылық ұйым. Бұл жүйе клиентке жұмыста немесе үйде отырып-ақ қашықтан шот ашуға мүмкіндік береді. Ол үшін ұялы телефоннан 300 нөміріне немесе банк сайтындағы кеӊесшілер нөміріне қоӊырау шалып, кеӊесші шақыру керек. Қазірдіӊ өзінде 300 мыӊ қазақстандық осы қызмет түрін пайдаланып үлгерді.

2018 жылдыӊ мамыр айында банк депозиттерді онлайн-табыстау атты жаӊа сервисті іске қосты. Ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шоттарын қашықтан сатуға және сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл жаӊа қызметті осы уақыт ішінде жалпы сомасы 494 006 898 теӊгеге депозиттер сатқан 200-ден астам адам қолданды. Сатылған депозиттер арасында еӊ жоғары сомасы 10,3 млн теӊгеге теӊ. Жалпы алғанда, банк салымшылары сатылымға шығарған депозиттердіӊ орташа сомасы 2,1 млн теӊгені құрады.

Сондай-ақ банк қазір видео-консультация атты жаӊа қызметті іске қосты. Оныӊ көмегімен банктіӊ болашақ клиенттері мен қазіргі салымшылары видеобайланыс арқылы менеджерге хабарласып, депозит және несие, жаӊа шарт бекіту, шот бойынша көшірме алу, постдепозиттік операциялар мен анықтама ресімдеу туралы қашықтан кеӊес ала алады. Бұдан бөлек банк менеджері аталған сервистіӊ көмегімен сайтпен, "ЖССБ 24" интернет-банкингімен және Baspana.kz жылжымайтын мүлік порталымен жұмыс істеуге көмектеседі. Бұл жағдайда клиент видео-қоӊырау шалып, видеобайланыс операторына ашылған уеб-парақшаны бірлесіп пайдалануға рұқсат береді. Осылайша банк менеджері клиенттіӊ іс-әрекетін бақылап, қажет болған жағдайда арнайы курсордыӊ көмегімен қай беттерді ашу керек екенін көрсетеді. Алайда ол клиенттіӊ компьютерінде өз бетінше қандай да бір операциялар жүргізе алмайды. Видеобайланыс қызметі www.hcsbk.kz сайтына және Baspana.kzпорталында қосылған. Оны қолдану үшін интернеті бар смартфон немесе компьютер қажет.

Бизнес-процестердіӊ мұндай автоматтандырылуы мен цифрландырылуы клиенттерге қызмет көрсету уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Мәселен, қазір тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт бекіту 5 есе жылдам жүреді (осыған дейін бұл іске 30 минут жұмсалса, қазір 7 минут жеткілікті). Несие өтінімі бар болғаны 1,5 күн ішінде қарастырылады, бұл бұрынғыға қарағанда 4,5 есе тез. Сондай-ақ постдепозиттік операцияларға кететін уақыт та 6 есе қысқарды: осыдан бұрын клиент аталған процеске 1 сағатын арнайтын еді, қазір 10 минут қана кетеді.

Банк жаӊа технологияларды жұмыс процесіне енгізуді ары қарай да жалғастыра бермек. 5 жылдан кейін клиенттерге қызмет көрсетуге арналған барлық операцияныӊ 70%-ын онлайн-режимге ауыстыру жоспарланып отыр.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны