06.09.2016, 07:35 2626

Қазақстандықтар қандай бағдарламалар арқылы пәтер мәселесін шеше алады?

ҚР Ұлттық экономика министрлігі пәтер мәселесін шешуге қандай бағдарламалар мен тетіктер көмек бере алатынын түсіндіреді, деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттіӊ басты міндеті болып табылады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі пәтер мәселесін шешуге қандай бағдарламалар мен тетіктер көмек бере алатынын түсіндіреді, деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

1. Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар азаматтар үшін салынатын жалға берілетін тұрғын

Тұрғын үйді бөлуді кезек тәртібінде жергілікті атқарушы органдардыӊ жанындағы тұрғын үй комиссиялары жүзеге асыралады. 2016 жылы 754 пәтер салу жоспарланды.

2. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдардыӊ және "Бәйтерек девелопмент" АҚ-тыӊ кредиттік тұрғын үйі

Кредиттік тұрғын үй Қазақстанныӊ Тұрғынүй құрылысы жинақ банкініӊ салымшылары мен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардыӊ арасында бөлінеді. Республикалық бюджеттен қаржыландыру кезінде құрылыстыӊ бір шаршы метрініӊ құны Астана және Алматы қалаларында 142,5 мыӊ теӊгені, қалған өӊірлерде - 110 мыӊ теӊгені құрайды.

Жергілікті атқарушы органдар облигациялар шығару есебінен қаржыландыру кезінде бір шаршы метрдіӊ құрылысыныӊ құны Астана және Алматы қалаларында 180 мыӊ теӊгені, өӊірлерде - 140 мыӊ теӊгені құрайды.

3. Тұрғынүй құрылысыныӊ жинақ жүйесі арқылы іске асыру үшін "Бәйтерек девелопмент" АҚ кредиттік тұрғын үйі

Кредиттік тұрғын үй Қазақстанныӊ Тұрғынүй құрылысы жинақ банкініӊ салымшылар арасында бөлінеді. "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы құрылыстыӊ бір шаршы метрініӊ құны Астана және Алматы қалаларында 200 мыӊ теӊгені, өӊірлерде - 180 мыӊ теӊгені құрайды.

4. Қазақстанныӊ Тұрғынүй құрылысы жинақ банкі арқылы жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй

Тұрғын үй Қазақстанныӊ Тұрғынүй құрылысы жинақ банкініӊ салымшылары санынан, екі жылдан кем емес некеде тұрған және жұбайлардыӊ екеуініӊ жасы 29-ға толмаған жас отбасыларына бөлінеді. Құрылыс жергілікті атқарушы органдарымен жүргізіледі. Осы бағыт бойынша ағымдағы жылы шамамен 400 пәтер пайдалануға енгізілетін болады. Бір шаршы метрдіӊ құны Астана және Алматы қалаларында 142,5 мыӊ теӊгені, басқа өӊірлерде - 110 мыӊ теӊгені құрайды.

5. "Қазақстан Ипотекалық компаниясы" АҚ-тыӊ жалға берілетін тұрғын үйі

Тұрғын үйдіӊ 50% 35 жасқа толмаған жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін салынады, қалған 50% басқа кезектегілер арасына бөлінеді. Бір шаршы метрдіӊ құны Астана және Алматы қалаларында 200 мыӊ теӊгені, өӊірлерде - 180 мыӊ теӊгені құрайды.6. "Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-тыӊ коммерциялық тұрғын үйі

Тұрғын үй шектеусіз халықтыӊ кез келген санатына жүзеге асырылады. 2016 жылы осы бағыт бойынша Ұлттық қордан 97 млрд. теӊге бөлінді. Шамамен 11 мыӊ пәтер салу жоспарланып отыр. Бір шаршы метрдіӊ сату құны Астана мен Алматы қалаларында 288 мыӊ теӊгені, өӊірлерде - 240 мыӊ теӊгені құрайтын болады.

7. "Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй

Тұрғын үй жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға кейін сатып алумен жалға немесе тікелей сатыпа алу жолымен ұсынылады.

8. "Бәйтерек Девелопмент" АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй

Тұрғын үй заӊнамасымен айқындалған кезектілік тәртібінде сатып алу немесе сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдардыӊ кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны