02.06.2016, 20:32 5243

Қазақстандықтарды 3,7 млн теӊгеден астам жария етілмеген активтерді банк шоттарына салуға міндеттейді - Б.Сұлтанов

2017 жылдан бастап 3,7 млн теӊгеден астам жария етілмеген қолма-қол ақшасы бар республика азаматтары оны қазақстандық банктердіӊ шотына салуға міндетті болады, деп мәлімдеді ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов

Астана. 2 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылдан бастап 3,7 млн теӊгеден астам жария етілмеген қолма-қол ақшасы бар республика азаматтары оны қазақстандық банктердіӊ шотына салуға міндетті болады, деп мәлімдеді ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2017 жылдан бастап бастапқы декларацияны ұсыну кезінде 3,7 млн теӊгеден астам жарияланбаған сомасы бар азаматтар оларды қазақстандық банктердіӊ шоттарына салуға міндетті болады", - деді Бақыт Сұлтанов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ол сондай-ақ заӊдастыру бойынша акцияныӊ аяқталуын сәйкестендіру және жалпыға бірдей декларация үдерісініӊ басталуында капитал амнистиясыныӊ мерзімі 2016 жылдыӊ 31 желтоқсанына дейін ұзартылғанын айтып өтті.

Б.Сұлтанов аталмыш науқан аяқталғаннан кейін барлық әлем бойынша қазақстандықтардыӊ шоттары қайтадан тексерілетінін еске салды. Министрдіӊ айтуынша, оған сәйкес халықаралық келісімдер мен конвенциялар қол қойылған елдермен ақпарат алмасу аясында жүргізілген жұмыс ықпал етеді.

Өз кезегінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетініӊ басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ерлан Сағынаев айтып өткендей, егер ҚР азаматыныӊ 3,7 млн теӊгеден астам жинаған қаражаты болса, 2016 жылдыӊ 31 желтоқсанына жағдай бойынша 2017 жылға кірер алдында тым болмағанда бір күнге сол сома екінші деӊгейлі банкте болуы тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны